Мен, Каупенбаева Самал Мухаметалиевна, 1975 жылдың 21 шілдесінде Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сүмбе ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ, азаматтығым – Қазақстан Республикасы. 1993 жылы Есік педагогикалық училищесін бітіріп, «еңбек пәнінің мұғалімі, бейнелеу өнері үйірмесінің жетекшісі» мамандығын алдым. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдап, «география пәнінің оқытушысы» біліктілігін иелендім. 2003 жылы осы университеттің магистратурасын, ал 2014 жылы докторантурасын аяқтап, 2015 жылы «6D020400 – Мәдениеттану» мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алдым. Еңбек жолымды 1993 жылы Нарынқол орта мектебінде бастадым. 1995–2020 жылдар аралығында әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әртүрлі қызметтерде – зертханашы, инженер, маман, оқытушы, жетекші маман болып еңбек еттім. 2014–2020 жылдары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Алматы қаласы филиалында жетекші маман, академиялық бөлім бастығы, доцент қызметтерін атқардым. 2020 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеймін.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1998 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
PhD докторы |
02.03.2015 |
1
құжаттар
0