Мен, Құрманалиева Айнура Дүрбелеңқызы, 1976 жылдың 12 тамызында Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Азаматтығым – Қазақстан Республикасы. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіне оқуға түсіп, 1998 жылы шығыстану мамандығы бойынша шығыстанушы-филолог, араб тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, аудармашы-референт біліктілігімен бітірдім. Орыс және араб тілдерін еркін меңгергенмін, ағылшын тілінен IELTS 6.0 нәтижем бар, француз тілін сөздік арқылы оқи аламын. 2009 жылы философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін (№9 хаттама, 25 желтоқсан 2009 ж.) алдым. 2012 жылы (№1 хаттама, 13 қаңтар 2012 ж.) профессор атағы берілді. Мен «Дінтану негіздері» (2006), «Мәдениет және өркениет» (2006), «Қазақстандағы діндер» (2008), «Жаңа діни ұйымдар» (2010), «Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар мен культтер» (2010), «Дінтану сөздігі» (3 том, 2017), «Дінтану энциклопедиялық сөздігі» (2018), «Қазақстандағы діндер» (2021) және басқа да көптеген оқулықтар мен ғылыми еңбектердің авторымын. Еңбек жолымды 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде тағылымдамашы-зерттеуші болып бастадым. 1999–2002 жылдары – «әл-Фараби» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, 2002–2011 жылдары – ҚазҰУ-дың дінтану кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор болып жұмыс істедім. 2011 жылдан бүгінге дейін дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келемін. Марапаттар мен жетістіктер: ҚР БҒМ «Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия» (2004–2006, 2008–2010) «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» дипломы (2006) «ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» атағы (2008, 2023) М. Әуезов атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы жас ғалымдар сыйлығы (2010) Республикалық «ЖОО-ның үздік оқытушысы» гранты (2010) ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің Құрмет грамотасы (2015) ҚазҰУ Құрмет грамотасы (2018) ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың Алғыс хаты (2021) «Ерен еңбегі үшін» медалі (2022) ҚазҰУ-ға сіңірген еңбегі үшін күміс медаль (2022) ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ. Ысқақовтың Алғыс хаты (2023) «Болашақ – 500 ғалым» бағдарламасы бойынша стипендиат (2024)
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1998 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
19.09.2003 |
|
Доктор |
25.12.2009 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
профессор |
13.01.2012 |
| Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
| Мемлекеттік грант "2010 жылғы ЖОО үздік оқытушысы" | |
| Ы.Алтынсарин төсбелгісі |
9
құжаттар
3