Бағашаров Құдайберді Сабыржанұлы 1981 жылы 23 сәуірде Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Мақпал ауылында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. 1999 жылы "Алтын белгімен" мектеп бітіргеннен кейін, 1999-2004 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавриатты аяқтады. 2007-2009 жылдар аралығында дінтану мамандығы бойынша магистратураны, ал 2011-2014 жылдары докторантураны оқып, PhD докторы дәрежесін алды. Еңбек жолын 2004 жылы "Алтын қалам" баспасы ЖШС-да бастап, 2008-2014 жылдары "Көкжиек Б" баспасы ЖШС-да жалғастырды. 2014 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми- педагогикалық қызмет атқарып келеді. 2022 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтында, 2023-2025 жж. СДУ университетінде қызмет атқарды. 2025 жылдан бастап Құдайберді Сабыржанұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасында қауымдастырылған профессор (доцент) қызметін атқаруда. Ғалым көптеген танымдық әдебиеттерден бөлек, дінтану, ислам этикасы, толеранттылық және дінаралық диалог салаларында бірқатар ғылыми еңбектердің авторы. Атап айтқанда, "Ислам этикасы (ахлақ)" (2018 ж.) және "Исламдық дереккөздерді интерпретациялау әдістері" (2020 ж.) оқу құралдары, сондай-ақ "Сенім және ақиқат" (2015 ж.) және "Дінаралық диалог" (2014 ж.), "Философия" оқу құралы (2025), "Діни толеранттылық және дінаралық диалог" монография (2025). кітаптары жарық көрген. Оның кітап мәдениетіне қосқан үлесі 2011 жылы ҚР Ұлттық кітап палатасының медалімен атап өтілді. 40 ККСОН мақалалары, 6 Скопус базасына енетін журналдарда мақалалар жариялаған. Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2004

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
01.06.2017

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
27.04.2021
Қызығушылығы