Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы 1968 жылы 15 наурызда Семей облысы, Аякөз ауданы, Ақтүбек ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Шынқожа совхозындағы орта мектепті үздік бітіреді. 1988 – 1993 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің философия және саясаттану факультетінде «философия» мамандығы бойынша білім алады. 1993-1995 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дінтану кафедрасының тәлімгер-зерттеушісі, оқытушысы, 1997-1999 аталған кафедраның аспиранты болды. 1999 жылы философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін, 2009 жылы доцент, 2011 жылы философия ғылымдарының докторы, 2025 жылы профессор ғылыми дәрежесін алды. Қарлығаш Молдағалиқызы діни антропология, жаңа діни ағымдар қызметі, эзотерика және діни мистицизм, діни сана, жаңа діндарлық және діни символдар мәселесі ғылыми бағыттағы бойынша зерттеулер жүргізеді. Осы бағыттарға сай «Дінтану» мамандығын даярлауда пәндерді оқытып, студенттерге арнап оқу әдістемелік құралдарын жазды. ҚР БҒМ тарапынан бөлінетін іргелі ғылыми жобаларда бас ғылыми қызметкер ретінде ғылыми зерттеулермен айналысты Томсон Рейтер (Thomson Reuters) және Скопус (Scopus) базасына кіретін белгілі журналдарда мақалалары жарық көрді. 2005-2018 жылдарда Қ.М. Борбасова ҚазҰУ Хабаршысы философия, саясаттану, мәдениеттану сериясының жауапты ғылыми хатшысы қызметін атқарды. 2021 жылдан ҚазҰУ Хабаршысы «Дінтану» сериясының бас редакторының орынбасары қызметін атқарады. 2008 жылы философия және саясаттану факультетінің үздік эдвайзері атанды. «2013 жылы Қазақстан жоғары оқу орнының үздік оқытушы» атағының иегері болды. 2024 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 80 жылдығына арналған медальмен марапатталған. Қ. Борбасованың жетекшілігімен 6D020600-Дінтану мамандығы бойынша 3 диссертация қорғалды. Қазіргі уақытта 1 исламтанушы, 2 дінтанушы докторанттың ғылыми зерттеулеріне жетекшілік жұмысын жүргізеді. 2024 жылы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісінде елеулі табыстары үшін Қазақстан Республикасы Оқу -Ағарту министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1988

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
15.04.1999
Доктор
01.07.2012

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
25.02.2009
профессор
17.02.2025
Қызығушылығы