Сапиева Акмарал Женисбайқызы әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің «Туризм» мамандығы бойынша бакалавриатты (2015 ж., «қызмет көрсету саласының бакалавры» академиялық дәрежесі) және магистратураны (2017 ж., «ғылым магистрі» дәрежесі) бітірген. 2018 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білімін жоғарлату мақсатында «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша PhD- докторантураны бітірді. Еңбек жолын 2014 жылы мамандық бойынша «Ark MS» қонақ үй кешенінде бастады. 2016 жылдан 2017 жылға дейін «Экология мәселелері ҒЗИ» ЕМК-да жобаның лаборанты ретінде жұмыс істеді. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің «Инновациялар және зияткерлік меншік департаментінде» 2017 жылдан бастап 2018 жылға дейін жетекші маман лауазымында, сонымен қатар, Ғылыми-технологиялық паркінде 2018 жылдан бастап Кіші ғылыми қызметкер (КҒҚ) лауазымдарында қоса жұмыс атқарды. Ғылыми қызметкер лауазымында және жауапты орындаушы рөлінде экотуризм және ұлттық парктерді тұрақты дамыту, әлеуметтік туризм, табиғи туристік-рекреациялық ресурстарды ұтымды пайдалану, туризмнің цифрлық контентін жаңғырту, денсаулық сақтау экономикасы және т.б. секілді салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша түрлі ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларына қатысуда. 2012 жылдың ақпанынан қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризм кафедрасы жанындағы «ЖасТур» Қазақстанның туризм және спортты дамыту клубының белді мүшесі. 2018 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ (Нұр-Сұлтан қ., 2021 ж.), ҚР ЭГжТРМ ОШжЖДК «Бұйратау» МҰТП РММ (Қарағанды обл., 2021 ж.) зерттеу тағылымдамаларынан өтті. Kodolanyi Janos University of Applied Sciences (Будапешт қ., Венгрия, 2016 ж.) шетелдік зерттеу тағылымдамасынан өтті. Сондай-ақ 2013 және 2014 жылдары Ташкент, Самарканд, Бұқара (Өзбекстан) және Дубай (БАӘ) қалаларында мамандық бейіні бойынша академиялық практикалардан өткен. ТМД-ның «Үздік жас ғалымы – 2021» жастар арасындағы «Алтын кітап» республикалық байқауының I дәрежелі жеңімпазы және «Қазақстан Республикасы жастарының алтын төсбелгісінің» иегері.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Бакалавриат |
2015 |
3
құжаттар
2