Мен, Ермакова Алтынай Кенжебекқызы, 1999 жылдың 11 қаңтарында Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) дүниеге келдім. 2020 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін үздік аяқтап, «Туризм» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алдым. 2023 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Менеджмент» бағыты бойынша магистратурасын тәмамдап, экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін иелендім. Менің кәсіби қызметім 2020 жылы басталды, сол жылы Талғар ауданы Халықты жұмыспен қамту орталығында тағылымдамадан өттім. 2021 жылы Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында әкімшілік жұмыстармен айналыстым. 2022-2023 жылдары Қазақстан-Британ техникалық университетінің (КБТУ) Ақпараттық технологиялар және инжиниринг мектебінде менеджер қызметін атқарып, студенттердің оқу үдерісін ұйымдастыру және әкімшілік жұмыстармен айналыстым. 2023 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне (МУИТ) ауысып,тіркеуші кеңсесінде академиялық процестерді бақылау және студенттердің оқу жетістіктерін тіркеу жұмыстарын жүргіздім. 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеймін. Өз жұмысымда заманауи оқыту әдістерін, цифрлық технологияларды және интерактивті тәсілдерді белсенді қолданамын. Менің ғылыми қызығушылықтарым туризмнің тұрақты дамуы, рекреациялық география, стратегиялық менеджмент және туризмдегі маркетинг салаларын қамтиды. Оқытушылық қызметпен қатар, мен үнемі білімімді жетілдіріп, кәсіби дағдыларымды дамытуға тырысамын. Менің мақсатым – тек білім беру ғана емес, сонымен қатар студенттерді туризм саласында өз бетінше зерттеулер жүргізуге және өзін-өзі дамытуға ынталандыру. Мен әрбір студент өз әлеуетін толық ашып, қонақжайлылық және туризм индустриясында табысты мансапқа дайындалатын тиімді академиялық орта құруға ұмтыламын.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
2020
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0