Мен Иманалы Акбар, 1984 жылы 28 ақпанда ҚХР СУАР Нылқы ауданында дүниеге келдім. Әкем Акбар Жұмақанұлы мешіт имамы, шешем Қиаш Меделханқызы ауруханада дәрігер болып қызмет атқарған (ол кісілердің екеуіде өмірден озған). Мен 2003 жылы Іле қазақ автономиялы облысы Құлжа қаласындағы №1 қазақ орта мектепті бітіріп, СУАР қазына-экономика универиситетінің статистика және информатика факультетіне оқуға түстім. 2008 жылы университетті бітірген соң Үрімші халықаралық тур агенттігінің виза бөлімінде 1 жыл жұмыс жасадым. 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап 2013 жылдың маусым айына дейін СУАР педагогикалық университетінің кадрлардың біліктілігін арттыру факультетінде 4 жыл оқытушы болып жұмыс жасадым. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап 2014 жылдан маусым айына дейін 1 жыл Үрімшідегі Игілік ағылшын оқыту орталығында ағылшын тілінен сабақ бердім. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап 2016 жылдың маусым айына дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің география кафедрасында магистратурада оқыдым. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап 2017 жылдан маусым айына дейін 1 жыл Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің туризм ғылыми зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс жасадым. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап 2021 жылдың маусым айына дейін Қытай ғылым акедемиясы университетінде "Дүниежүзілік мұра объектілеріндегі тұрғындардың экотуризмнің дамуына қатысуын зерттеу: Қазақстандағы Ақсу-Жабағылы дүниежүзілік табиғи мұра объектісі мысалында" тақырыбында докторлық диссертация қорғадым. Үйленгенмін, жұбайым — Балжан Кенесбекқызы, 1994 жылы туылған, Алматы обылысы Талғар ауданындағы Ілияс Жансүгіров атындағы №37 орта метебінде мұғалім.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Синьцзян университеті |
Жоғары |
2008 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
26.06.2021 |
Файл атауы |
Тақырыбы |
Сипаттамасы |
---|---|---|
Қолданбалы ғылыми зерттеулерді жобалау (ағылшын тілінде) |
New-Title page of PPNI 7301 |
|
8
құжаттар
5