Павличенко Людмила Михайловна 1946 жылғы 17 қыркүйекте Қырғызстан Республикасының Тоқмақ қаласында дүниеге келген. Ұлты — орыс. Қазақстан Республикасының азаматшасы. 1964 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне (қ. Алматы) оқуға түсіп, 1969 жылы «физика, теориялық физика» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді. Университетті аяқтағаннан кейін физик, физика пәнінің оқытушысы біліктілігі берілді (диплом № П 699490, 1969 жылғы 7 шілде). 1980–1983 жылдары ҚазКСР Ғылым академиясының Гидрогеология және гидрофизика институтында «гидрогеология» мамандығы бойынша білім алды. 1985 жылы гидрогеология мамандығы бойынша техникалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесі берілді (диплом ТН №080558, 1985 жылғы 8 мамыр, Мәскеу қ., КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы ЖАК). 2005–2007 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география факультетінде «геоэкология» мамандығы бойынша оқыды. 2008 жылы 25.00.36 – геоэкология мамандығы бойынша география ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді (диплом ҒД №0000360, 2008 жылғы 25 сәуір, Астана қ.). Еңбек жолын 1969 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының Тау-кен ісі институтында аға инженер болып бастады, бұл қызметті 1974 жылға дейін атқарды. 1974–1996 жылдары ҚазКСР Ғылым академиясының Гидрогеология және гидрофизика институтында (1990 жылдан бастап — ҚР БҒМ-ҒА ИГГиГФ) аға инженерден аға ғылыми қызметкерге дейінгі қызметтерді атқарды. 1996–2008 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география факультетінің геоэкология және қоршаған ортаны мониторингілеу кафедрасында доцент болып жұмыс істеді (2006 жылдан — қоса атқару негізінде). 2006–2010 жылдары «Денсаулықты қорғау және экожобалау орталығы» ЖШС-де қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2009–2011 жылдары Алматы гуманитарлық-техникалық университетінің экология және туризм кафедрасының профессоры болды. 2011–2022 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының профессоры қызметін атқарды. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының профессоры болып қызмет атқарады. Павличенко Л. М. 427 ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 218-і жарияланған, 6 авторлық куәлігі бар, соның ішінде 3 монография, 1 оқу құралы және 2 ғылыми-зерттеу есебі.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
08.05.1985 |
|
Доктор |
25.04.2008 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
КҒҚ |
05.06.1992 |
9
құжаттар
2