Актымбаева Бахыт Избасарқызы 1972 жылдың 18 наурызында Алматы облысының Үшарал қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география факультетін «География» мамандығы бойынша үздік бітірген. 1994–1998 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың күндізгі аспирантурасында оқыды. 2003 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы диссертациялық кеңесте «Іле-Балқаш өңірінің табиғи-ауылшаруашылық жүйелері» тақырыбында 25.00.36 – «Геоэкология. Жер туралы ғылымдар» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын дайындап, қорғады. Жұмыс география ғылымдарының докторы, профессор Г.М. Жаналиева жетекшілігімен орындалды. Актымбаева Б.И. 45-тен астам ғылыми еңбектер жариялаған, олардың ішінде 6 оқу құралы бар. Қазіргі уақытта Актымбаева Б.И. қазақ және орыс тілдерінде «Қонақ үй шаруашылығы», «Қонақ үй қызметтері технологиясы», «Қонақ үйлер мен мейрамханалар менеджменті» пәндері бойынша дәрістер, семинарлар және тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын, дипломдық және курстық жұмыстарын, оқу тәжірибелерін басқарады. Актымбаева Б.И. кураторлық міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, «6В11103 – РДГБ» білім беру бағдарламасының 2-курс, орыс бөлімінің кураторы болып табылады.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1994

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
21.05.2004
Қызығушылығы