Әбдіғалиева Гүлжан Қанаевна 1960 жылдың 1 сәуірінде Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген. 1977 жылы Талдықорған қаласындағы орта мектепті аяқтаған. 1978 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, 1983 жылы «философия» мамандығы бойынша үздік бітіріп, «философ, философия пәнінің оқытушысы» біліктілігін алған. 1996 жылы 09.00.11 – әлеуметтік философия мамандығы бойынша «Тарихи сана контексіндегі әлеуметтік идеал» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2006 жылы 09.00.13 – дінтану, мәдениет философиясы, философиялық антропология мамандығы бойынша «Мәдениет философиясындағы аксиологиялық дискурс» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғаған. Әбдіғалиева Г.К. 2011 жылы ҚР БҒМ-нің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері атанды. Марапаттары: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі (2019 ж.), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2020 ж.), «Еңбек ардагері» медалі (2024 ж.). Еңбек жолы: Жалпы еңбек өтілі – 40 жылдан астам. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 1985 жылдан бері қызмет атқарады. 1983–1985 жж. – Талдықорған педагогикалық институтының философия кафедрасының оқытушысы, 1985–1987 жж. – ҚазМУ-дің философия тарихы кафедрасының тағылымдамашы-зерттеушісі, 1987–1992 жж. – философия тарихы кафедрасының аспиранты, 1993 ж. – ҚазМУ-дің әл-Фараби орталығының ғылыми қызметкері, 1994 ж. – философия тарихы кафедрасының аға оқытушысы, 1998 ж. – осы кафедраның доценті, 2007 ж. – кафедра профессоры, 2008–2011 жж. – мәдени антропология кафедрасының меңгерушісі, 2011 жылдан – философия кафедрасының профессоры. 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1983 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
18.05.1996 |
|
Доктор |
28.11.2006 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
доцент |
20.02.2004 |
профессор |
25.11.2009 |
| Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
| Мемлекеттік грант ЖОО үздік оқытушысы" | 09.01.2012 |
0
құжаттар
0