Насимова Гүлнар Өрленбайқызы — профессор. Ғылыми- педагогикалық қызмет өтілі 31 жыл. 1994 жылы әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. 1994– 2010 жылдары осы университеттің саясаттану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор болып қызмет атқарды. 2010 жылдың қазан айынан 2011 жылдың тамызына дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу- әдістемелік басқармасының бастығы және РУМС-тың ғылыми хатшысы міндеттерін атқарды. Қазіргі уақытта Философия және саясаттану факультетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі. Оның басшылығымен кафедраның ғылыми және білім беру бағыттары кеңейді: магистратура мен докторантурада «Конфликтология» мамандығы бойынша жаңа білім беру бағдарламалары ашылды. 2007 жылы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының, 2023 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруы аясындағы зерттеу жобаларына ғылыми жетекшілік етті: – «Қазақстандағы протестік әлеует: ерекшеліктері, факторлары және трендтері» (2020–2022), – «Қазақстаннан болатын білім беру миграциясы: үрдістері, факторлары және әлеуметтік- саяси салдары» (2018–2020), – «Қазақстан студенттік жастарының саяси мәдениетін қалыптастыру — елдің стратегиялық ресурсы ретінде» (2015–2017), – «Қазақстанның жаңа даму кезеңінің негізі ретінде қоғамдық-саяси тұрақтылық» (2012–2014). Қазіргі уақытта «Қазақстандағы саяси қатысу: динамикасы және оны кеңейту мүмкіндіктері» жобасының жетекшісі. Ол сондай-ақ Дублин қалалық университеті (Dublin City University) ғалымдарымен бірге Horizon Europe бағдарламасының екі жобасына қатысады: – CARSI — Caucasus and Central Asia Research Social Innovation: Development Assistance, Innovation and Societal Transformation, – ORCA — Open(ing) Research in Central Asia: consolidating a culture of research ethics, data management, and open science in Eurasia and beyond.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1994

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
26.01.2001
Доктор
30.01.2008

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
20.02.2004
профессор
30.09.2010
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
Мемлекеттік грант "2007 жылғы ЖОО үздік оқытушысы"
Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін
"Ерен еңбегі үшін" медалі
"Қазақстан Республикасаы білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісі
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

8

Цитирования
29 по 28

құжаттар

h-индексі

3