Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жақсылықбаева Римма Серікәліқызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бакалавриатын (1996), магистратурасын (1998), аспирантурасын (2000) үздік аяқтады. 2002 жылдан күні бүгінге дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында оқытушы (2002-2003 жж.); аға оқытушы (2003-2008 жж.); доцент (2008-2015 жж.); 2016 жылдан профессор міндетін атқарушы қызметтерін атқарып келеді. 2002 жылдың 27 наурызында «Шерхан Мұртаза – публицист, редактор» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын филология ғылымдарының докторы, профессор Жақып Бауыржан Өміржанұлының ғылыми жетекшілігімен сәтті қорғады. Римма Жақсылықбаева – «Шерхан Мұртаза – публицист, редактор» (2003), «Публицистің шығармашылық шеберханасы» (2009), «Публицистің шығармашылық шеберханасы» (екінші басылым, 2011), «Журналист этикасы» (2013), «Журналистің мәтін жазу машығы» (2018) оқу құралдарының, 100-ден астам ғылыми зерттеу мақаланың авторы. Шетелдік ғылыми басылымдарда бірнеше Скопус, Хирша мақалалары жарық көрді. Сондай-ақ, А.Асқаровтың «Тағдыр» (Алматы, Елнұр. 2007) кітабына жауапты редактор; А.Асқаров «Өнегелі өмір». (Алматы: Қазақ университеті. 2017. Ш.116) кітабының редакциялық жұмыс тобы мүшесі; Үмбетбай Уайдин «Журналист әдебі: инабат- иірімдері және баспасөз» оқу құралының (Алматы, Қазақ университеті. 2021) құрастырушысы болды. Журналистика факультетінің студенттеріне, магистранттарына, PhD докторанттарына «Қазақ журналистикасының тарихы», «Медиаэтика», «Публицистің шығармашылық шеберханасы», «Дәстүрлі БАҚ-ты дамытудың стратегиясы», «Қазақстанның медиа жүйесі», «Журналистикадағы ғылым тақырыбын зерттеудің жаңа әдістері», «Дата сауаттылық және строителлинг» т.с.с пәндерінен дәріс оқып, бітіру жұмысына, магистрлік диссертацияға ғылыми жетекшілік, PhD докторанттарға ғылыми кеңесшілік етіп келеді. Ол 2002 жылдан 2008 жылға дейін К14.А01.19 Диссертациялық кеңесінің техникалық хатшысы; 2005-2008 жылдары журналистиканың саяси коммуникация саласы бойынша философия докторы (PhD) диссертациялық кеңесінің Ғалым хатшысы; 2009 жылдың сәуірінен – 2011 жылдың тамызына дейін деканнның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2018 жылдың қыркүйегінен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РУМС) «Журналистика және ақпарат» жұмыс секциясының мүшесі болды. Факультеттің «Журналист» оқу тәжірибелік газетінің жетекші редакторы, Шерхан Мұртаза аты
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1998 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
27.03.2002 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
26.02.2011 |
Файл атауы |
Тақырыбы |
Сипаттамасы |
---|---|---|
Ғылыми зерттеу әдістері және Басылым этикасы |
Силлабус Ғылыми зерттеу әдістері және Басылым этикасы |
|
2011 жылдың қазан айында университеттің республикалық баспа кеңесінің ұсынысымен (РБК) «Публицистің шығармашылық шеберханасы» атты оқу құралы (екінші басылым) баспадан шықты.
"Қазақ университеті" 2011 - г. ISBN 9965-29-692-8 15 - стр. ҚАЗАҚСТАН
2011 жылдың қазан айында университеттің республикалық баспа кеңесінің ұсынысымен (РБК) «Публицистің шығармашылық шеберханасы» атты элеткронды оқу құралы баспадан шықты.
"Қазақ университеті" 2011 - г. ISBN 9965-29-692-8 15 - стр. ҚАЗАҚСТАН
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесі ұсынысымен "Шерхан Мұртаза – публицист, редактор" атты оқу құралы баспадан шықты.
" Қазақ университеті " 2003 - г. ISBN 9965-12-462-0 196 - стр. ҚАЗАҚСТАН
2009 жылдың маусым айында әл-Фараби ат. ҚазҰУ жанындағы ҚР БжҒМ-нің және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары Секция мәжілісі шешімі ұсынысымен "Публицистің шығармашылық шеберханасы" атты оқу құралы баспадан шықты.
" Қазақ университеті " 2009 - г. ISBN 9965-30-868-3 172 - стр. ҚАЗАҚСТАН
әл-Фараби ат. ҚазҰУ -дің журналистика факультеті Ғылыми кеңесі мен Редакциялық- баспа кеңесі ұсынысымен "Журналист этикасы" оқу құралы баспадан шықты.
" Қазақ университеті " 2013 - г. ISBN 978-601-04-0266-9 230 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Жақсылықбаева Р.С. Өмірлік басты ұстанымы: әділетті, шыншыл болу еді. А.Асқаров. Өнегелі өмір / ред. Ғ.М. Мұтанов. –Алматы: Қазақ университеті, 2017. Ш. 116. -291-296 бб.
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 978-601-04-2844-7 26 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Жақсылықбаева Р.С. "Журналистің мәтін жазу машығы"
" Қазақ университеті " 2018 - г. ISBN 978-601-04-3610-7 22 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Журналист әдебі: иман-инабат иірімдері және баспасөз: оқу құралы /Ү.Уайдин. –Алматы: Қазақ университеті, 2021. -118 бет., Құрастырушы: филология ғылымдарының кандидаты, доцент Р.С. Жақсылықбаева
" Қазақ университеті " 2021 - г. ISBN 978-9965-09-848 131 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Жақсылықбаева Р.С. Парасаты биік қаламгер // Кітапта: Кемел Тоқаев Детектив дарабозы. –А.: Қазақ университеті. -2023. 383-391 бб.
" Қазақ университеті " 2023 - г. ISBN 978-601046460-5 30 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Жақсылықбаева Р.С. Алғысөз // Кітапта: Бектұрғанов А. Ұрпақтар сабақтастығы. –А.: Балауса. -2023. 3-4 бб.
Балауса баспасы 2023 - г. ISBN 978-601-7088-00-2 156 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Жақсылықбаева Р.С. Сара сөздің сардарлары. Журналистер мектебінің майталманы. Ұлағатты ұстаздың тағлымы // Кітапта: Ұлт зиялыларының ұясы. –Алматы: ҚазҰУ. -2024. -280-286 бб.
" Қазақ университеті " 2024 - г. ISBN 978-601-7807-05-4 396 - стр. ҚАЗАҚСТАН
3
құжаттар
2