Қамзин Кәкен 1949 жылы 13 маусымда Талдықорған облысы, Үйгентас ауданы, Қарлығаш ауылында дүниеге келді. Алматыдағы №9 қазақ орта мектеп-интернатын бітіргеннен кейін екі жыл ұжымшар өндірісінде жұмыс істеді. 1968–1973 жж. аралығында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыды. Одан соң Қазақ КСР Телевизия және радиохабары жөніндегі мемлекеттік комитетінде, «Жазушы» баспасында редактор, «Алматы ақшамы» – «Вечерняя Алма-Ата» газетінде аға тілші, «Парасат» журналының жауапты хатшысы, «Қазақ мемлекеті» газеті бас редакторының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Ол – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, төрт көркем проза кітабының авторы. Оның шығармашылығы туралы кезінде қазақ әдебитетінің классигі Ғ.М. Мүсірепов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Р. Тоқтаров, белгілі әдебиет сыншысы С. Әшімбаев жылы лебіз білдірген. Қалмгер 2008 жылы «ZER- SU» корпорациясының халықаралық әдеби Бас жүлдесін жеңіп алды. 1994 жылы К. Қамзин өз ұясына – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқытушылық жұмысқа ауысты. Ғалым-педагог 1999 жылы «Е.П. Михаэлистің «Семипалатинские областные ведомости» газетіндегі журналистік қызметі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми ізденісін әрі қарай жалғастырған ол 2009 жылы «Қазақ публицистикасы жанрларының эволюциясы» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты. Ол 100-ге жуық ғылыми мақала жариялады. ҚазҰУ қабырғасында еңбек ете жүріп ол үш оқу құралын – «Е.П. Михаэлистің журналистік қызметі», «Журналистика негіздері», «Талдамалы журналистика», «Қазақ публицистика жанрларының эволюциясы». «Көсемсөз панорамасындағы заман палитрасы» (екінші автор – Б. Әліқожа) бір топ ғалымдармен бірлесе «Қазақ журналистикасы» үш томдығын, «Қазақ көсемсөзі жанрларының кемелдену үдерісі», «Е.П. Михаэлистің журналистік және әлеуметтік қызметі» монографияларын жарыққа шығарды. Зерттеушінің бірқатар ғылыми жұмыстары Германияда, Польшада, Канадада, Қытайда, Монғолияда, Англияда, Италияда, Ресей мен Өзбекстанда жарық көрді. Филология ғылымдарының докторы, профессор К. Қамзиннің ғылыми өрісіне заманалы журналистиканың ұлттық журналистика жанрларының өркендеуі, журналистика мәтіндерінің сындарлы потенциалы, контент энергетикасы, гуманитарлық және техникалық ғылымның өзара ықпалдастығы сияқты зәру мәселелер кіреді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1973

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
29.11.1999
Доктор
28.12.2010

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
05.03.2004
Қызығушылығы

8

Камзин Какен

Қазақ репортажындағы дәстүр жалғастығы 2011 - г. 5 - стр. 0
9

Камзин Какен

Категория дистанционности в журналистских текстах 2012 - г. 5 - стр. 0
10

Камзин Какен

Журналистиканың басты кейіпкері - шындық 2012 - г. 5 - стр. 0
11

Камзин Какен

Деканымның жезде екенін сол кезде білсемші... 2011 - г. 3 - стр. 0
12

Камзин Какен

Ұстаз туралы бір ауыз лебіз 2011 - г. 4 - стр. 0
13

Камзин Какен

"Семипалатинские областные ведомости" газеті Абай айналасы туралы. - Абай институтының хабаршысы, №1, 2013. 3-12 бб. 2013 - г. 10 - стр. 19
14

Камзин Какен

2014 - г. 4 - стр. 2
15

Камзин Какен

2014 - г. 4 - стр. 2
16

Камзин Какен

Заң тарихы - мемлекет тарихы 2014 - г. 5 - стр. 1
17

Камзин Какен

2014 - г. 8 - стр. 35
18

Камзин Какен

Кесек турайтын тұлға 2014 - г. 3 - стр. 1
19

Камзин Какен

жанровый ряд современной журналитики 2012 - г. 4 - стр. 0
20

Камзин Какен

"Бір қаланың тарихы хикаятындағы әлеуметтік сатира 2016 - г. 5 - стр. 4
21

Камзин Какен

"Семипалатинские областные ведомости" газеті Абай айналасы туралы 2016 - г. 18 - стр. 7
22

Камзин Какен

Расшыл журналистика өрісі 2016 - г. 5 - стр. 2
23

Камзин Какен

Журналистика теориясын оқыту үдерісі: ақпараттық технология мен классикалық өнер синтезі 2017 - г. 8 - стр. 1
24

Камзин Какен

Азаттық аңсаған арлы азамат 2017 - г. 9 - стр. 1
25

Камзин Какен

Ретроспективалық портреттер: салыстырмалы сараптама 2017 - г. 11 - стр. 1
26

Камзин Какен

Ұлттық журналистиканың өз дәстүрі, өз жолы бар 2016 - г. 10 - стр. 38
27

Камзин Какен

Заманалы мультмедиалық журналистикадағы жанрлар интеграциясы 2017 - г. 13 - стр. 1
28

Камзин Какен

Сайын даланың Сайыны 2017 - г. 7 - стр. 105
29

Камзин Какен

Заманалы журналистикадағы ақпараттық верификация 2017 - г. 6 - стр. 0
30

Камзин Какен

The diversification of media convergence in Kazakhstan based on the television experience 2018 - г. 16 - стр. 1
31

Камзин Какен

Факті генотипі, табиғаты және жетілу үдерісі 2022 - г. 15 - стр. 66
32

Камзин Какен

Ұлттық журналистика теориясының ежелгі тиянағы 2023 - г. 12 - стр. 70