Садықова Назира Марғұшқызы 1995 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетінің «психология және педагогика» бөлімін үздік дипломмен тамамдап, сол пәндердің оқытушысы дәрежесін алып шықты. 1995 жылдан бастап ал-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жалпы психология кафедрасында жұмыс істеуден бастаған. «Отбасы психологиясы», «Мамандыққа кіріспе», «Саяси психология», «Дифференциалды психология» «Басқару психологиясы» «Гендерлік психология» пәндері бойынша психология бөлімі мен басқа факультеттерде курстар жүргізеді. Садықова Н.М. «Әлеуметтену өрісінде тұлғаның өзіндік анықтауының ерекшеліктері» тақырыпта ғылыми жұмысын қорғады. Мәдени мұра бағдарламасы бойынша аудармаларға қатысқан 2-4 том, 6-9 том. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының қатысқан. «Жалпы психологияға кіріспе» бірлесіп жазылған, «Дифференциалды психология», «Психология мамандығына кіріспе», «Индивидуалды айырмашылық психологиясы», «Психология медиации и перегаворов» оқу құралдарының авторы, сонымен қатар 90- нан аса ғылыми мақалалары, 5 оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген. Және 4 авторлық куәліктері бар. Үнемі кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ЖОО оқытушылары үшін біліктілікті жетілдіру курсынан өткен, практикалық психология саласы бойынша сертификаттары бар. Садықова Н.М. жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқу және тәрбие ісі бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметін 7 жылдан бері атқарып келеді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Абай атынд.ҚазҰПУ
Жоғары
1995

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
25.05.2010
Қызығушылығы