МАДАЛИЕВА ЗАБИРА БЕКЕШҚЫЗЫ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы Психология ғылымдарының докторы, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры. Зәбира Бекешқызы Мадалиева 1988 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіріп, орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі біліктілігін алды. Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Г.Титов атындағы орта мектепте 20 жыл еңбек етті. 1991 жылы Волгоград мемлекеттік педагогикалық институтында практикалық психология мамандығы бойынша оқуын аяқтады. 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде 19.00.07 мамандығы бойынша «Мұғалімнің эмоционалдық жағдайын басқарудың психологиялық негіздері» тақырыбында психология бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2009 жылдың ақпан айында 19.00.07 – педагогикалық психология мамандығы бойынша «Мұғалімнің эмоционалдық күйі: көрініс беру ерекшеліктері және реттеу әдістері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Оның жетекшілігімен 3 психология ғылымдарының кандидаты, 2 PhD докторы, 300-ден астам ғылыми еңбектері бар, 7 монографияның авторы, 5-8 сыныптарға арналған «Өзін-өзі тану» курсының авторы және әзірлеушісі, 10 оқу-әдістемелік кешен, 6 оқу құралы, шетелде жарияланған жоғары импакт-факторлы ғылыми еңбектер. Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, КСРО білім беру ісінің үздігі, «Үздік ЖОО оқытушысы-2010», «Үздік ЖОО оқытушысы-2022» байқауының жеңімпазы, ғылыми жетекшісі, Balint топтарының жетекшісі, арт-терапия және когнитивтік-бихевиориялық психотерапия саласының маманы. Тәжірибелі ұстаз, белгілі ғалым, Мадалиева З.Б. егеменді Қазақстанның жоғары білімін дамытуға үлес қосуды жалғастыруда.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

ҚазПИ
Жоғары
1988

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
28.04.2010

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
22.10.2004
профессор
19.04.2017

Автордың құжаттары

15

Цитирования
18 по 18

құжаттар

h-индексі

2