Мурзагулова Мейрамкул Дауренбековна — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы. 2025–2026 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Ол осы университеттің магистратура бағдарламасын үздік бітіріп, педагогика ғылымының магистрі академиялық дәрежесін алған. 2022–2025 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «8D01823 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураны аяқтады. Мурзагулова Мейрамкул Дауренбековна — 2 оқу құралының, 1 оқу-әдістемелік құралдың (бірлестікте) және жалпы 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы. Оның Scopus базасында жарияланған 6 мақаласы бар, Хирш индексі – 2. 2022 жылы республикалық конкурста «Қазақстан мұғалімі» медалімен марапатталды. Сондай-ақ факультет деканының бірнеше «Мақтау қағаздарымен» марапатталған. Мейрамкул Дауренбековна — өз ісіне адал, еңбекқор, жауапкершілігі жоғары маман. Ұжым арасында мәдениетті қарым-қатынасымен және кәсіби біліктілігімен ерекшеленеді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

ҚазМемҚызПИ
Жоғары
1992
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0