Ашекеева Құралай Несіпбекқызы – философия ғылымдарының кандидаты, доцент. 1992-1996 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, философия мамандығы бойынша философ, философия пәнінің оқытушысы квалификациясы берілді. 1996-1998 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, философия магистрі дәрежесі бойынша адам және қоғам философиясы мамандығы берілді. 1998-2001 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, дінтану мамандығы бойынша аспирантурасында оқыды. 2004 жылдың қаңтар айының 30 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде 09.00.03 – философия тарихы мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады. 2007 жылдың маусым айының 27 жұлдызында ҚР Білім және ғылым министірлігінің шешімімен философия мамандығы бойынша доцент атағы берілді. Қосымша жетістіктері: 2007 жылдың ақпан айының 20 жұлдызында Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды; 2008 жылдың маусым айының 20 жұлдызында «Ғалымдар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің шешімімен «ғылым, техника және білім саласындағы зор үлесі үшін» «Жас ғалым» атағы берілді; ҚР Білім және ғылым министірлігінің шешімімен 2008 жылы гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмыстары үшін жас ғалымдарға арналған Мұхтар Әуезов атындағы сыйлықтың лауреаты атанды; ҚР Білім және ғылым министірлігінің шешімімен 2009 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды; ҚР Білім және ғылым министірлігінің шешімімен 2010-2012 жылдарға дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның стипендиаты болды. Электрондық жәшігі: Kuralai.08@mail.ru
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд ҚазМҰУ |
Жоғары |
1996 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
15.06.2004 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
доцент |
27.06.2007 |
0
құжаттар
0