Ж.Ж. Чунетова 2000 жылы «Биология» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алып, осы жылы «Биология» мамандығы бойынша генетика және молекулалық биология кафедрасының магистратура бөліміне қабылданып, 2002 жылы жоғарыда аталған мамандық бойынша магистр академиялық дәрежесіне ие болды. 2002 жылы кафедраның ұсынысы бойынша 03.00.15-Генетика мамандығы бойынша аспирантураға түсті. Кандидаттық диссертациясын 2007 жылы кандидаттық диссертация тақырыбы: «Жұмсақ бидайдан (Triticum aestivum L.) хлорлы кадмийдің әсерімен алынған мутанттарға генетикалық талдау» қорғады. Алынған ғылыми нәтижелер бойынша отандық және шетел басылымдарында 80–нен астам ғылыми мақалалар мен тезистер және бірнеше оқулығы «Дәнді дақылдарда радиациялық және химиялық мутацияны қолданудың әдістері», «Биостатистика», «Генетика» жарық көрді. 2004 жылы генетика және молекулалық биология кафедрасына оқытушы 2007 жылдан 2010ж.ж. аға оқытушы, 2010ж.ж. доцент, профессор м.а. қызметтерін атқарып келеді. Чунетова Ж.Ж «Жалпы генетика», «Хромосомалық инженерия», «Өсімдіктер цитогенетикасы», «Генетика» курстары бойынша дәріс оқумен қатар, зертханалық және практикалық сабақтарды жүргізеді. 2006-2008 ж.ж. 2010-2012ж.ж. және 2012-2013ж.ж. аралығында білімгерлердің ғылыми жұмысқа деген қызығушылығын арттыру және білімдерін тереңдету мақсатында «Жас талантты ғалым» атты Мемлекеттік степендияның үшінші рет иегері. Чунетова Ж.Ж. генетика және молекулалық биология кафедрасында қызмет жасау барысында факультеттің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысады. «Генетика» мамандығының 2-курс қазақ бөлімінің студенттерінің эдвайзері және “Генетик” үйірмесінің жетекшісі болып табылады. 2018-2019ж.ж. молекулалық биология және генетика кафедрасының ғылыми-иннновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды, факультеттің аға кураторы, қазіргі кезде факультеттің қашықтықтан окыту координаторы болып қосымша жұмыстар атқарады. Чунетова Ж.Ж., ИРН АР23488711 «Қазақстанның оңтүстік-шығысында оңтайлы эспарцет генофондын қалыптастыру үшін азотфиксаторлармен селективті молекулалық таңбалауды және өсімдіктерді егуді интеграциялау» атты ғылыми жобаның орындаушысы (2024-2026жж.). Чунетова Жанар Жумабекқызы жұмыс барысында өзін білікті маман, жауапты орындаушы қызметкер екендігін көрсетті. Чунетова Жанар Жумабекқызы жүктелген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, ұқыпты және өз кезінде орындайды. Кафедра ұжымы мен студенттер арасында сыйлы және беделді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2002

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
27.09.2007

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
07.12.2011
профессор
26.09.2025
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0