Мен, Талипова Эльмира Кайратовна, 1986 жылы 28 наурызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылында дүниеге келдім. 1992-2003 жылдар аралығында Қ.Шорманов атындағы орта мектепте оқыдым. 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университететі, география факультетінің метеорология мамандығына оқуға түстім. 2007 жылы аталған университетті аяқтап, метеоролог бакалавры дәрежесін алдым. 2007- 2009 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университететі, география факультетінің гидрометеорология мамандығы бойынша білім алып, 2009 жылы жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алдым. 2018 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «6D061000 – Гидрология» мамандығы бойынша PhD докторантурасына оқуға түстім. 2023 жылы маусым айында «Климаттың заманауи және келешектегі өзгерістерінің Іле өзені алабының су ресурстарына әсері» тақырыбында докторлық диссертациямды сәтті қорғап, «6D061000 – Гидрология» мамандығы бойынша философия ғылымдарының докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алдым. 2007 жылдың майсым айында "Қазгидромет" РМК, экологиялық бақылау департаментіне инженер- эколог ретінде жұмысқа орналастым. 2010 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, су ресурстары зертханасында кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмысымды жалғастырдым. Қазіргі кезде осы аталған институтта экстремалды гидрологиялық құбылыстар зертханасында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеймін. Тұрмыс құрғанмын. Күйеуім Қойшыбеков Абай Ырысмухаметич 1984 жылы туылған, 55/71 әскери бөлімінде қызмет істейді. Үш баламыз бар. Қызым - Ырысмұхамет Айару Абайқызы 28.07.2012 жылы туылған, ұлым -Ырысмұхамет Әмір Абайұлы 15.10.2016 жылы туылған, ұлым - Ырысмұхамет Жәнібек Абайұлы 06.04.2021 жылы туылған. Өзім де, және жақын туыстарымда сотты немесе тергеуде болмаған. Тұрғылықты мекен жайым: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Қуат ықшам ауданы 1089 үй.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
толық аяқталмаған жоғары |
2007 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
05.07.2023 |
0
құжаттар
0