Мен, Оракова Гульнар Орынбасаровна, 1978 ж.22 наурызда Жамбыл облысында дүниеге келдім.2000 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетін «Метеорология» мамандығы бойынша бітірдім. 2002 ж. магистратураны «Метеорология» мамандығы бойынша сәтті бітірдім. 2002- 2004 жж. Қазгидрометтің Гидрометорталығында ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі бөлім мен болжамдар бөлімінде инженер болып қызмет істедім. 2004 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінің метеорология кафедрасында келесі пәндерден дәрістер оқып, лабораториялық жұмыстар жүргіземін: «Синоптикалық метеорология І», «Синоптикалық метеорология ІІ», «Синоптикалық метеорология бойынша лабораториялық практикум», «Ұзақ мерзімді метеорологиялық болжаулар», «Ауа райын болжаудың арнайы әдістері», «Аймақтық синоптикалық метеорология», «Климатология». Курстық, бітіру, диплом жұмыстарына және оқу және өндірістік практикаларына жетекшілік етемін. «Синоптикалық метеорология» және «Климатология» пәндері бойынша тест сұрақтарын дайындадым. «Ауа райын болжаудың арнайы әдістері» пәні бойынша орыс және қазақ тілдерінде оқу құралы дайындалып, басылымнан шықты. Сонымен қатар 2021 ж. «Синоптикалық метеорология. 1-бөлім» атты оқу құралы қазақ тілінде дайындалып, басылымнан шықты. 2025 ж. "8D05204-Метеорология" білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға түстім.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2002 |
0
құжаттар
0