Басты бет / География және табиғатты пайдалану / Метеорология және гидрология / Буралхиев Саги Абдималикович

Буралхиев Саги Абдималикович

метеорология және гидрология кафедрасы
       Мен Буралхиев Саги Абдималикович 1991 жылы 20 мамырда Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Суханбай ауылдық округінің Қарасу ауылында дүниеге келдім. 1997-2008 ж. аралығында Қарасу орта мектебінде оқыдым. 2008 жылы Алматы қаласына келіп, Қазақ Ұлттық университетіне География факультетінің Метеорология және гидрология кафедрасына метеорология мамандығына оқуға түстім. 2012 жылы бакалавр дәрежесін алып оқуды аяқтадым. 2012-2014 Метеорология мамандығының магистратурасында оқыдым. Жұмыс өтілі: 2013 ж.-2016 ж. Қазгидромет РМК Алматы қ. және облысы филиалында Гидрология бөлімінде 1 санатты инженер гидролог болып жұмыс жасадым. 2016-2021 ж. Қазселденқорғау ММ Алматы қаласы филиалында Байланыс бөлімінің басшысы қызметін атқардым.2021-2025 ж. РМК Қазгидромет Сел үдерістерін зерттеу және селді болжау басқармасында ғылыми қызметкер лауазымында жұмыс атқардым. 2025 қыркүйек айынан бастап Қазақ Ұлттық университетінде аға оқытушы лауазымында қызмет атқарып келемін.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ Бакалавриат 2012
Академикалық дәреже