Оспанова Маржан Сансызбайқызы 2009–2013 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Гидрометеорология» мамандығы бойынша бакалавриатта білім алды, ал 2013–2015 жылдары «Гидрология» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. 2015-2016 жж. қыркүйек айынан бастап Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Инженерлік жүйелер және желілер» факультетінің «Су ресурстары және су пайдалану» кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді. 2018 жылдың қыркүйек айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасына «6D061000 – Гидрология» мамандығы бойынша PhD докторантураға түсті. 2023 жылы докторлық диссертацияны сәтті қорғап, PhD дәрежесін алды. Оның 15-тен астам ғылыми еңбегі бар, соның ішінде Scopus дерекқорында 2 жарияланымы бар, Хирша индексі – 1. Оспанова М.С. 2024-2025 жж. «8D05203-Гидрология» және «7M05206-Гидрология» білім беру бағдарламалары бойынша AQUIN халықаралық аккредитациялау тобына енді, сондай-ақ Академиялық комитеттің, Су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және ирригация саласындағы кәсіби біліктіліктер жөніндегі Салалық кеңестің мүшесі және «7M05206-Гидрология» білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысады.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2013

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
04.05.2023
Қызығушылығы