Раймбекова Жанар Туймебайкызы 2008-2012 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Гидрометеорология" мамандығы бойынша бакалвриатта, 2012-2014 жылдары "Гидрология" мамандығы бойынша магистратурада оқыды. Кәсіби еңбек жолын 2012 жылы ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ-де сарапшы-гидролог лауазымынан бастаған, 2014-2021 жж. Төтенше жағдайлардың алдын алу және қорғаныс имараттарын пайдалану бөлімінде бас инженер гидролог лауазымында қызмет атқарған. Раймбекова Ж.Т. 2017 жылдан бастап бакалавриат, магистратура студенттеріне қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ өтеді. 2017 жылдың қыркүйек айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультеті Метеорология және гидрология кафедрасына "6D061000-Гидрология "мамандығы бойынша PhD докторантура бағдарламасына оқуға түсті. Ж.Т. Раймбекованың 20-дан астам ғылыми еңбектері бар, оның ішінде Scopus және Web of Science дерекқор базасында 6 жарияланым. Апатты гидрологиялық құбылыстарды зерттеу бойынша қазақстандық және халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларында тәжірибесі бар. Ұлыбританиядағы Рединг университетінде, Қытай ғылым академиясында, Кореяда KoICA ұйымында, Испаниядағы Валенсия университетінде, АҚШ-та Орегон университетінде және т.б. халықаралық ұйымдарда тағылымдамадан өткен.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2012 |
5
құжаттар
2