Тұрсынғали Маржан Нурланқызы 2020 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Гидрология» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтады. 2022 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Гидрология» мамандығы бойынша магистратурасын сәтті аяқтап, магистрлік диссертациясын қорғады. 2025 жылғы 22 желтоқсанда М.Н. Тұрсынғали әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Гидрология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болу мақсатында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. 2025 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді. 6 ғылыми еңбектің авторы, оның төртеуі Scopus халықаралық мәліметтер базасында индекстелген. Индекс хиршасы – 2.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2020

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
26.12.2025
Қызығушылығы