Абдуллаева Әсел Сәбитқызы 2016 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін (Satbayev University) «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтады. 2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Гидрология» мамандығы бойынша магистратурасын сәтті аяқтап, магистрлік диссертациясын қорғады. 2024 жылғы 18 маусымда Ә.С. Абдуллаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Гидрология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болу мақсатында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. 2023 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді. Абдуллаева Ә.С. Академиялық комитеттің төрайымы және «7M05220-Су дипломатиясы» білім беру бағдарламасының үйлестірушісі болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары сел қаупін бағалау және басқару, гидрологиялық сипаттамаларды анықтау мақсатында ГАЖ технологияларын қолдану, гидрологиялық процестерді модельдеу бағыттарында жүргізіледі. 10 ғылыми еңбектің авторы, оның үшеуі Scopus сияқты халықаралық мәліметтер базасында индекстелген. Индекс хиршасы – 2. 2024 жылдан бастап география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасында ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарады.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Қ.И.Сәтбаев ҚазҰТУ
Жоғары
2016

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
26.06.2024
Қызығушылығы