А.C. Нысанбаева 1992 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетін “Метеорология” мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы 25.00.30 - метеорология, климатология, агрометеорология мамандығы бойынша «Климатическая оценка рекреационных условий Казахстанского Прикаспия» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 20 ғылыми жұмысы жарияланған. 2016 ж тамызынан бастап 2017 ж мамыр айына дейін «Sapa Professionals&Technologies» ЖШҚ арнайы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын жүзеге асыруда және “Жасыл көпір” серіктестік бағдарламасын институттандыруда қолдау көрсету» жобасына катысты. Жұмыс нәтижесі ретінде «Қазақстан Республикасы Күн ресурстарының атласы» жасалынды және ол EXPO-2017 көрмесіне ұсынылды.Scopus деректер базасында индекстелген 10 жарияланымы бар, оның 3-і бірінші және екінші квартильде, Хирш индексі 5, сонымен қатар 30-дан астам ғылыми мақалалар жарияланымдары бар. 2014 - 2023 жж аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасының ғылыми-инновациялық және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушінің орынбасары қызметін атқарды. «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2021» атағының иегері, сонымен қатар «Ерен еңбек үшін» (2019 ж.); «Қазақстан гидрометеорология қызметі 100 жыл» (2022 ж.) медальдермен марапатталды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1992

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
25.12.2010

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
04.03.2024
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
"Қазақстан Гидрометеорологиялық қызметіне 100 жыл"
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

10

Цитирования
38 по 36

құжаттар

h-индексі

5