Арыстамбекова Динара Дандыбайқызы 1984 жылы 19 қарашада дүниеге келген. 2005 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география факультетін «гидрометеорология» мамандығы бойынша бітіріп, 2007 жылы магистр дәрежесін алды. 2007-2015 жылдар аралығында «Қазгидромет» РМК-де инженер-гидрологтан Алматы қаласы филиалының гидрология бөлімінің басшысына дейін қызмет атқарды. Осы кезеңде Швейцария мен Германияда гидрология бойынша халықаралық курстар мен семинарларға қатысты. 2014 жылы ҚазҰУ-да «Гидрология» мамандығы бойынша PhD докторантураға түсті. 2022 жылы «Қазақстанның жазық өзендерінің көктемгі су тасқынының ағынын есептеу» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, PhD дәрежесін алды. Ғылыми мақалалары Scopus базасындағы халықаралық журналдарда жарияланған. 2015 жылдан бері ҚазҰУ-дың метеорология және гидрология кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді. Педагогикалық тәжірибесі – 8 жыл. 2018 жылы «Мұздықтардан Аралға дейін» ғылыми- зерттеу экспедициясына қатысты.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Бакалавриат |
2005 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
30.06.2022 |
4
құжаттар
2