Басты бет / Экономика және бизнес жоғары мектебі / Менеджмент / Баймбетова Айгүл Әбішқызы

Баймбетова Айгүл Әбішқызы

Лауазымы: аға оқытушы
Менеджмент
Scopus author ID: 56027959200
banur-80@mail.ru
       БАЙМБЕТОВА АЙГҮЛ ӘБІШҚЫЗЫ 1980 жылы 05 қаңтарда туылған, ұлты қазақ. 1996 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы №-28 Қазақ орта мектебін бітірді. 1996 -2001 жылдар аралығында Қ.И Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінде «Экономика және басқару» факультетінің «0713 - Өнеркәсіптегі экономика және менеджмент» мамандығында білім алып, экономист- менеджер біліктілігін алды. 2001-2002 жылдары Қ.И Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратурада оқыды, менеджмент магистрі. 2001-2011 жылдары Қ.И Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың «Менеджмент және маркетинг» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс атқарды. 2011-2014 жылдары Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетінде 6D051100 - «Маркетинг» мамандығы бойынша докторантурада оқып, 2014 жылы аталған мамандық бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алды. 2014-2019 жылдары Қ.И Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу университетінде «Жобаны басқару» кафедрасында аға оқытушы және 2019-2020 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Экономикалық мамандықтар» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс атқарды. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Менеджмент» кафедрасында аға оқытушы. Жалпы педагогикалық қызмет өтілімі – 20 жыл.

1

Баймбетова Айгүл ӘбішқызыАбралиев О.А., Сугирова Г.С. Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Ақермен ауылындағы ауыл шаруашылығы жерлерін бақылау үшін қашықтан зондау әдістерін қолдану 2022 - г. 10 - стр. 141
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0