Аширбекова Лаура Жалгасовна 1980 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Экономика және менеджмент» мамандығына түсіп, оны 2002 жылы үздік дипломмен бітірген. 2002-2006 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «08.00.05-Халық шаруашылығын басқару және экономика» мамандығы бойынша аспирантурада білім алған. 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚазҰУ-дың экономика және бизнес факультетінің «Менеджмент және бизнес» кафедрасында оқытушы ретінде жұмыс істей бастайды. 2010 жылы 19 қарашада «Мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттігінің бөлінуі» тақырыбында диссертация қорғап 2011 жылы 18 шілдеде «экономика ғылымдарының кандидаты» ғылыми атағын алған. Университетте келесі пәндер бойынша қазақ және орыс тілдерінде дәріс және семинар сабақтарын жүргізеді: Мемлекеттік басқару теориясы, Менеджмент, Жобаларды басқару, Мемлекеттік активтерді басқару, Мемлекеттік бюджетті басқару, Мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды басқару, Жергілікті өзін- өзі басқару, т.б. Аширбекова Л.Ж. 01.02. 2014ж.-31.08.2014 ж. аралығында Менеджмент және маркетинг кафедрасы меңгерушісінің ғылым және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша негізгі оқу бағдарламасы, оқу жоспарларын және пәндер каталогын дайындауға жауапты координаторлар қатарында жұмыс жасауда. Педагогикалық қызмет өтілі – 20 жыл. Аширбекова Л.Ж. 2 оқу құралы, 60-қа жуық мақала жариялаған. Л.Ж. Аширбекова қазақ, орыс тілдерін жетік меңгерген, компьютер және интернет желілерінде жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Оқу барысында өзін жауапкершілігі жоғары, білімді және кәсіби маман ретінде көрсете алды. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Ұжымдағы қоғамдық және мәдени шараларға белсене араласады.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
ҚазАШИ |
Жоғары |
2002 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
30.06.2011 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
01.01.2001 |
Наукоемкая экономика – как фактор устойчивого развития Казахстана
" Қазақ университеті " 2014 - г. 1 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Мухтарова К.С.
Innovative mechanisms of modernization of the Public Local Administration and self-government system in the Republic of Kazahstan
Karon Dijital 2016 - г. 78 - стр. ТҮРКИЯ
Ахметова З.Б., Мухтарова К.С., Шарапиева М.Д.
Time-management
Karon Dijital 2016 - г. 30 - стр. ТҮРКИЯ
Мухтарова К.С., Сансызбаева Х.Н.
Теория государственного управления (электронное учебное издание )
" Қазақ университеті " 2016 - г. ISBN 978-601-04-1135-7 318 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесіндегі инновациялар
" Қазақ университеті " 2020 - г. ISBN 978-601-04-4431-7 10 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Пандемия жағдайында әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу
" Қазақ университеті " 2023 - г. ISBN 9786010461468 103 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Смагулова Г.С., Сансызбаева Х.Н., Сокира Т.С., Абралиев О.А., Бельгибаева Ж.Ж.
Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу
" Қазақ университеті " 2024 - г. ISBN 9786010464766 310 - стр. ҚАЗАҚСТАН
5
құжаттар
3