Білімі. 1993 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығына оқуға түсіп, 1997 жылы заңгер-оқытушы біліктілігі бойынша үздік аяқтады. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетіне түсіп, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңтану мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, заңгер деген біліктілік берілді. 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық-құқықтық цикл мамандығы бойынша магистратурасына түсіп, 2008 жылы аталмыш оқу орнын Магистр академиялық дәрежесі және құқықтану магистрі деген біліктілігі бойынша толық курсын үздік дипломмен аяқтады. 2022 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің құқықтану мамндығы бойынша докторантураға қабылданды. Кәсіби жұмыс тәжірибесі. Университетті бітіргеннен кейін 1997 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика және құқық» факультетінің «құқықтану» кафедрасына оқытушылық қызметіне қабылданды. 2000-2007 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде аға оқытушылық қызмет атқарды. 2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында аға оқытушылық қызмет атқарып келеді. Ғылыми бағыты мен жарияланымдары. Бүгінгі күнге дейін халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысып мақалалары конференция материалдарында жарияланды. Сонымен қатар, халықаралық, республикалық деңгейдегі дөңгелек үстелдерге қатысып жер, экология, аграрлық құқық саласы бойынша баяндамалар дайындады. Республикалық басылымдарда мақалалары шықты. Студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасап, бірнеше мақалалар баспа беттерінде жарық көрді. Ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, гуманитарлық бағыттағы семинарларға қатысып бірнеше сертификаттар иеленді. Қазіргі күні жарияланған мақалалар саны 70-тен асады, 7 оқу – әдістемелік көмекші құралдың авторы. Марапаттары. «Ерен еңбегі үшін» медалі (2021ж.).


Education

Educational institution

Квалификация

Expiration date

КазГЮУ
Магистратура
2001

Гуманит.университет

Высшее

1997

Interests