Байдаулетова Гульбан Куттыбаевна
- ОПҚ рейтингінің нәтижесі |
Жұмыс орны:
Факультет: география және табиғатты пайдалану
Кафедра: картография және геоинформатика
Лауазымы: аға оқытушы
БАЙДАУЛЕТОВА ГҮЛБАН ҚҰТТЫБАЙҚЫЗЫ Жамбыл облысында туылды, ұлты - қазақ, 1969 жылы 12 шілдеде дүниеге келді. 1976 жылы Жамбыл облысы Свердлов ауданы Кеңес колхозының орташа мектебіне 1-сыныпқа барды. 1984 жылы Жамбыл қаласының (қазір Тараз қаласы) №7 ОКТУ түсіп, 1987 жылы оны қызыл дипломмен аяқтап башнялық, көпірлік және козелдық крандардың машинистінің орташа кәсіптік-техникалық білімін алды. 1987 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтына (АСҚИ) түсіп, 1992 жылы «Қолданбалы геодезия» мамандығы бойынша жоғарғы білім алды. 1992 жылдың желтоқсанынан АСҚИдің (қазір ҚазБСҚА) инженерлік геодезия кафедрасында стажер-зерттеуші болып орналасты. 1993 жылдың қыркүйегінен ҚазБСҚАның инженерлік геодезия кафедрасына ассистент болып қабылданды. 1994 жылдың қыркүйегінде осы кафедраның аға оқытушы қызметіне ауыстырылды. 1995 жылдың желтоқсанында 25.00.32-Геодезия мамандығына аспирантураға түсіп, 1999 жылы аспирантураны аяқтады (қорғамады). 2003 жылдың қараша айынан 2009 жылдың желтоқсан айына дейін ҚазБСҚАның инженерлік геодезия және геология кафедрасында профессор ассистенті қызметін атқарды. 2010 жылдың қыркүйегінде Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУнің инженерлік геодезия және жерге орналастыру кафедрасына аға оқытушы қызметіне қабылданды. 2010 жылдың қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУнің картография және геоинформатика кафедрасына аға оқытушы қызметіне қабылданды. 50-ге жуық ғылыми мақалалары мен баяндамалары бар.
Марапаттары
Қызығушылығы