ҚазҰУ ақпараттық порталы
Басты бет/ Филология және әлем тілдері факультеті/ қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы/ Умбетаев Муварак Бейсембекович


Умбетаев Муварак Бейсембекович
Студенттер көзімен сауалнамалауынан жинаған баллы - 5.00 / 5.0
- ОПҚ рейтингінің нәтижесі

Жұмыс орны:
Факультет: филология және әлем тілдері

Кафедра: қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы
Лауазымы: доцент

Педагогикалық қызметіь

Оқылатын пәндер
Бакалавриат
Әдебиетті зерттеудегі инновациялық әдіснамалар
Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті мен оларды оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиетін орта мектептерде оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиетінің теориялық әдіснамалық мәселелері
Риторика
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы

Магистратура
Абайтанудың жаңа бағыттары
Әдебиеттанудың методологиялық мәселелері
Әдебиеттанудың өзекті мәселелері
Әдебиетті жоғары мектепте оқытудың әдіснамалық негізі
Әдебиеттің және фольклордың эстетикасы
Қазiргi әдебиеттануды әдiстемелiк
Қазіргі заманғы технологиялар мен әдеби талдау әдістері
Қазіргі қазақ прозасындағы М.Әуезов дәстүрі
Салыстырмалы әдебиеттану және фольклортану

Докторантура
Әдебиетті оқыту әдістемесі мен әдіснамасы

Сабақ кестесі

Оқу-әдістемелік материалдар

Пәндер атауы Тақырыбы Сипаттамасы
Педагогикалық тәжірибе
Қазақстан Республикасы жоғары білім беретін оқу ордаларында өткізілетін педагогикалық тәжірибелер - университет магистранттары үшін ұстаздық мамандықты игеру барысындағы аса маңызды да жауапты, игілікті шаралардың қатарына жатады. Магистранттар өздерінің университет қабырғасында қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы жөнінде алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде, нақты тәжірибе үстінде өмірмен байланыстыра жүзеге асыруға кіріседі. Олар жоғары мектептің ішкі-тысқы тыныс-тіршілігімен, оқу-педагогикалық және тәлімдік-тәрбиелік үдерістерінің сан алуан түрлерімен танысады. Педагогикалық іс-тәжірибеден уақтылы өтудің магистрант жастарға, болашақта ұстаздық қызметті өзіме мәңгілік серік етемін деушілерге үйретер тағлымы айрықша зор болмақ. Сондықтан, екінші курс магистрлеріне кезекті оқу тәжірибесі аясында тағы да жоғары мектеп көлемінде, бірінші-төртінші курстар аралығында, қазақ әдебиеті тарихы мен әдебиеттану пәндерінің жүргізілу ырғағы жайлы, ол бойынша оқылатын дәрістер мен семинар сабақтарының түр-тұрпаты мен аудиториядан тыс жұмыстары туралы талмай пысықтай түсудің, жалықпай қайталай берудің еш артықшылығы жоқ. Мұндай практикалар қайта магистрлердің ойына ой қосады, іс-тәжірибелер арқылы әдістемелік-әдіскерлік шеберліктерін ұштап, білік-білім қорын байытады.
Педагогикалық тәжірибе
Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті магистратурасының екінші курсында жүргізілетін “Жоғары оқу орындарында әдебиет пәндерін оқыту әдістемесі” магистранттарға Қазақ әдебиеті тарихы мен әдебиеттің теориясы, әдеби шығармашылық негіздері салалары бөлімдерінің және арнаулы курстарының қалай жүргізілетіндігі жөніндегі мәселелерді толық қамтиды. Жоғары оқу орындарында(ЖОО) әдебиет пәндерінің оқытылу барысындағы қол жеткен әдістемелік, іс-тәжірибелік үлгі, дағдыларға жете мән беріледі.. Жылдар бойында жинақталған әдістемелік тың мағлұматтар мен озат, іскер, оқу ісінің үздіктері саналған ЖОО-ның доцент, профессорларының дәріскерлік, педагогтік еңбек жолдарына да бас назар аударылады.
Педагогикалық тәжірибе
Әдебиет пәндерінің ЖОО-да оқытыла бастау тарихына, әдепкі аяқ алысына және бүгінгі күн тұрғысындағы хал-күйіне жан-жақты шолу жасалынады. Әр жылдарда жоғары оқу орындарына арналып түзілген оқу бағдарламалары мен оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар және олардың авторлары туралы терең ғылыми мәліметтер беру басты мақсаттар қатарына жатады. Әдебиет пәндерін оқыту барысында әр дәуірдің негізгі, өзекті тақырыптарын ашуға арналған оқу бағдарламаларының түзілісін, бағдарлық мәнін ежіктей саралап көрсету және соларға сәйкес оқулықтардың жазылатындығына, олардың құрылым-құрылысына талдау беру, түбегейлі ұғындыру аталған пәннің маңызды міндеттері саналады. Сондай-ақ студенттердің ЖОО-да лекция оқып, семинар, лабораториялық сабақтар жүргізуін, педагогтік іс-тәжірибеден өту ісіне де көңіл бөлінеді. Оларға әдебиеттің өткен жылдарда шыққан және қазіргі кезде жарық көріп жатқан оқу бағдарламалары мен оқу құралдарына сын көзімен қарап, байыптап игеру ісі міндеттеледі.
Педагогикалық тәжірибе
Әдебиет пәндерінің ЖОО-да оқытыла бастау тарихына, әдепкі аяқ алысына және бүгінгі күн тұрғысындағы хал-күйіне жан-жақты шолу жасалынады. Әр жылдарда жоғары оқу орындарына арналып түзілген оқу бағдарламалары мен оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар және олардың авторлары туралы терең ғылыми мәліметтер беру басты мақсаттар қатарына жатады. Әдебиет пәндерін оқыту барысында әр дәуірдің негізгі, өзекті тақырыптарын ашуға арналған оқу бағдарламаларының түзілісін, бағдарлық мәнін ежіктей саралап көрсету және соларға сәйкес оқулықтардың жазылатындығына, олардың құрылым-құрылысына талдау беру, түбегейлі ұғындыру аталған пәннің маңызды міндеттері саналады. Сондай-ақ студенттердің ЖОО-да лекция оқып, семинар, лабораториялық сабақтар жүргізуін, педагогтік іс-тәжірибеден өту ісіне де көңіл бөлінеді. Оларға әдебиеттің өткен жылдарда шыққан және қазіргі кезде жарық көріп жатқан оқу бағдарламалары мен оқу құралдарына сын көзімен қарап, байыптап игеру ісі міндеттеледі.
Педагогикалық тәжірибе
ЖОО-да әдебиет пәндерін оқыту әдістемесі курсы бойынша емтихан С Ұ Р А Қ Т А Р Ы 1. А.Байтұрсыновтың педагогтік қызметі, әдебиет оқу құралдары. 2. М.Жұмабаевтың педагогтік қызметі, оқу құралдары. 3. М.Дулатовтың пән мұғалімдері және оқу-ағарту ісі жөніндегі ойлары. 4. М.Әуезовтің педагогтік қызметі, әдебиет оқу құралдары. 5. М.Әуезовтің “Абайтану” арнаулы курсы. 6. С.Мұқановтың педагогтік қызметі, әдебиет оқу құралдары. 7. С.Сейфуллиннің педагогтік қызметі, әдебиет оқу құралдары. 8. Қ.Жұмалиевтің педагогтік қызметі, әдебиет оқу құралдары. 9. М.Ғабдуллиннің педагогтік қызметі, әдебиет оқу құралдары. 10. Б.Кенжебаевтың педагогтік қызметі, әдебиет оқу құралдары. 11. Х.Сүйіншәлиевтің педагогтік қызметі, әдебиет оқу құралдары. 12. З.Қабдоловтың педагогтік қызметі, әдебиет оқу құралдары. 13. З.Ахметовтың педагогтік қызметі, әдебиет оқу құралдары. 14. ЖОО-ғы әдебиет пәндері. 15. ЖОО-ғы әдебиет пәнінен лекция түзілісі. 16. ЖОО-ғы әдебиет пәнінен семинар жүргізу үлгісі. 17. ЖОО-ғы әдебиет пәнінен лабораториялық сабақ жүргізу үлгісі 18. ЖОО-ғы әдебиет пәндерінің бағдарламасы. 19. ЖОО-ғы әдебиет пәндерінің жұмыстық оқу бағдарламасы. 20. Студенттер жазатын курс жұмысы, түзілісі, көлемі. 21. Студенттердің бітіру жұмысы, түзілісі, көлемі. 22. Студенттердің диплом жұмысы, түзілісі, көлемі. 23. Студенттерді іс тәжірибеден (педпрактика) өткізуге дайындық. 24. Іс-тәжірибеден өту үшін студент білуге тиісті мәселелер. 25. Жалпы білім беретін он бір жылдық мектептің түзілісі. 26. I-IV сыныптардағы әдеби мәтіндер, ерекшелігі. 27. V-VIII сыныптардағы әдебиеттік оқу, бағдарламалары мен оқу құралдары, түзілісі. 28. ІХ-ХІ сыныптардағы Қазақ әдебиеті пәні, бағдарламалары, оқу құралдары, түзілісі. 29. Орта мектепте әдебиет пәндері бойынша жүргізілетін жазу жұмыстары. 30. Орта мектепте әдебиет пәндері бойынша қосымша оқуға ұсынылатын шығармалар сипаты.
Педагогикалық тәжірибе
Карта учебно-методической обеспеченности дисциплины № Найменование дисциплины Авторы и название учебника Количество в библиотеке КазНУ имени аль-Фараби Количество после 2000 года основная дополнительная основная дополнительная каз. рус. каз. рус. 1. Жоғары оқу орындарында әдебиет пәндерін оқыту әдістемесі 1.Қазақ халық әдебиеті. (Алғы сөзін жазған және құрастырған С.Садырбаев). –Алматы: Рауан, 1990. -240 бет. 2.Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. –Алматы: Ана тілі, 1991. -264 бет. 3.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. –Алматы: Қазақстан, 1967. -388 бет. 4.Жұмажанова Төкен Қонысбайқызы. Әдебиетті оқыту әдістемесі (Мектеп ұстаздары мен болашақ әдебиетші студенттерге арналған). –Алматы: Білім, 2009. -288 бет. 20 17 11 3 - - - - 20 17 11 3 - - - - Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуінің картасы № Пәннің атауы Авторы және оқулықтың аты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапхана- сындағы саны 2000 жылдан кейінгілердің саны негізгі қосымша негізгі қосымша қаз. орысша қаз. орысша 1. Жоғары оқу орындарында әдебиет пәндерін оқыту әдістемесі 1.Қазақ халық әдебиеті. (Алғы сөзін жазған және құрастырған С.Садырбаев). –Алматы: Рауан, 1990. -240 бет. 2.Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. –Алматы: Ана тілі, 1991. -264 бет. 3.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. –Алматы: Қазақстан, 1967. -388 бет. 4.Жұмажанова Төкен Қонысбайқызы. Әдебиетті оқыту әдістемесі (Мектеп ұстаздары мен болашақ әдебиетші студенттерге арналған). –Алматы: Білім, 2009. -288 бет. 20 17 11 3 - - - - 20 17 11 3 - - - -
Педагогикалық тәжірибе
МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ 1. ЖОО-ғы әдебиет пәндері, мақсат-міндеті. 2. ЖОО-ғы салалық әдебиет пәндері, оқу құралдары, авторлары. 3. Лекция оқуға дайындық, лекцияның құрылысы. 4. Лекторға қойылатын талаптар. 5. Әдебиет пәндерінің бағдарламалары. 6. Курс жұмысы, оған қойылатын талаптар. 7. Бітіру жұмысы, оған қойылатын талаптар. 8. Диплом жұмысы, оған қойылатын талаптар. 9. М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы лекцияның мәтіні. 10. С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы лекцияның мәтіні. 11. Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы туралы дәріс мәтіні. 12. Ы.Алтынсариннің өлеңдері жөніндегі дәріс мәтіні. 13. Ы.Алтынсариннің әңгімелері жөніндегі дәріс мәтіні. 14. Абайдың табиғат лирикасы туралы дәріс мәтіні. 15. Абайдың махаббат лирикасы туралы дәріс мәтіні 16. Абайдың қара сөздері туралы дәріс мәтіні. 17. Ш.Уәлихановтың өмірбаянының жазбаша дәрістік үлгісі. 18. Ш.Уәлихановтың саяхаттары, еңбектері туралы дәріс үлгісі. 19. Ғ.Мұстафиннің романдары туралы ауызша баянның жоспары. 20. Сүйінбай ақынның өмірбаянының жазбаша дәріс үлгісі. 21. Сүйінбай өлеңдерінің тақырыптары туралы лекция үлгісі. 22. Шөже ақынның өмірбаянының жазбаша дәрістік үлгісі. 23. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырының лекциялық талдамасы. 24. “Қыз Жібек” жырының лекциялық талдамасы. 25. “Ер Төстік” ертегісінің дәрістік баяны. 26. Тұрмыс-салт жырларының дәрістік баяны. 27. Эпитет пен теңеуді түсіндіруге арналған дәріс үлгісі. 28. Арнау өлеңдерін түсіндіруге арналған дәріс мәтіні. 29. Гипербола мен литота түсініктері туралы семинар сабағының жоспары. 30. Әдебиеттің тектері мен түрлеріне арналған дәрістің мәтіні.