Мен, Жұбаева Орынай Сағынғалиқызы, 1970 жылдың 22 тамызында Атырау облысы Дендер ауданы Дендер поселкесінде дүниеге келдім. 1977-1987 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы орта мектепте оқыдым. 1987-1989 жылдары М.Өтемісов атындағы Атырау драма театрында жұмыс істедім. 1989-1994 жылдары Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқыдым. 1994-1995 жылдары С.Аспандияров атындағы Қазақ медицина университетінің қазақ тілі кафедрасында ассистент болып жұмыс істедім. 1995- 1996 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқу бөлімінде, мамандар бөлімінде жұмыс істеп, қосымша қазақ тілі кафедрасында қазақ тілінен сабақ бердім. 1998-2001 жылдар аралығында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімін институты аспирантурасының күндізгі бөлімінде оқыдым. 2002 жылдың 1 наурызында академик Рәбиға Сыздықтың жетекшілігімен «Қ.Кемеңгерұлының тілтанымдық мұрасы мен лингвистикалық тұжырымдамалары» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғадым. 2002-2007 жылдары А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімін институты грамматика бөлімінің кіші, аға ғылыми қызметкері, 2007 жылдан бастап грамматика бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етіп келемін. 2010 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор З.Қ.Ахметжанованың ғылыми кеңесшілігімен «Қазақ тілі грамматикалық категорияларының антропоөзектілігі» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғадым. 2 монография (Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму жолдары. -Алматы: Дайк-Пресс, 2011. – 272-б.; Қазақ тілінің когнитивті грамматикасы. - Алматы: Қазығұрт, 2014. - 297 бет), 700-ден астам мақаланың авторымын, функционалды грамматика, когнитивті грамматика, қазақ тіл білімінің тарихы, морфология, коммуникативті синтаксис саласында еңбек етіп келемін. 2011-2020 жылдар аралығында ҚАЗТЕСТ сараптау комиссиясының құрамында сарапшы болдым. Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде қоғамдық ғылымдар бойынша (2011, 2012), Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде PhD философия докторларын дайындау ісіне диссертациялық кеңес мүшесі ретінде (2013, 2014, 2015) атсалысып келемін. 2012, 2021 жылдары Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, 2014, 2015 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы болдым. 2014-2019 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасы Пекин (Бейжің) қаласындағы Ұлттар университетінде қазақ тілі бойынша дәріс оқып, ғылыми зерттеулерге қатыстым.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

ҚазПИ
Жоғары
1994

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
13.01.2012

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
01.11.2023
Қызығушылығы

2

Жұбай Орынай Сағынғалиқызы

Жұмсалымды грамматика 2016 - г. 518 - стр. 0
3

Жұбай Орынай Сағынғалиқызы

2015 - г. 9 - стр. 0
4

Жұбай Орынай Сағынғалиқызы

Қазақ пунктуациясының қалыптану тарихы // Туған тіл. - 2016. - №4. - 37-42-б. 2016 - г. 7 - стр. 0
5

Жұбай Орынай Сағынғалиқызы

Қазақ тіліндегі тыныс белгілердің қолданылу тарихынан //Шинжиаң қоғамдық ғылымы. - Үрімжі, 2016 2016 - г. 6 - стр. 0
6

Жұбай Орынай Сағынғалиқызы

Қазақ тілін лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан зерттеудегі жаңа ұстанымдар 2017 - г. 9 - стр. 0
7

Жұбай Орынай Сағынғалиқызы

Қазақ тіліндегі терминжүйенің когнитивтік сипаты 2017 - г. 5 - стр. 0
8

Жұбай Орынай Сағынғалиқызы

ДИАХРОНИЧЕСКИЙ ПОДХОД В ИССЛЕДОВАНИИ КАЗАХСКОЙ ПУНКТУАЦИИ 2017 - г. 5 - стр. 0
9

Жұбай Орынай Сағынғалиқызы

COMMUNICATIVE AND PRAGMATIC FUNCTION OF PUNCTUATION 2017 - г. 18 - стр. 0
10

Жұбай Орынай Сағынғалиқызы

Қазақ тіл біліміндегі өткен шақ түрлеріне қатысты атаулардың қалыптасып, дамуы 2021 - г. 9 - стр. 0
11

Жұбай Орынай Сағынғалиқызы

«ЕТІС» ГРАММАТИКАЛЫҚ КОНЦЕПТІСІН КОГНИТИВТІ АСПЕКТІДЕ ОҚЫТУДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР 2022 - г. 18 - стр. 0
12

Жұбай Орынай Сағынғалиқызы

Қазақ тіл біліміндегі өткен шақ түрлеріне қатысты атаулардың қалыптасып, дамуы 2021 - г. 9 - стр. 0
Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0