2018 жылы «6D051700–Инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесін алды (19.03.2018 ж. №490 бұйрық). 08.00.00 – Экономика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына ие (21.05.2021 ж № 441 бұйрық). 2018 жылдың ақпан айынан бастап Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының ғылыми- инновациялық жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. «Менеджмент» кафедрасында доцент. 2018 жылдан бастап Erasmus+ «Enhancement of Higher Education and Corporate Sectors Integration in Accordance with New Social Environment – ENINEDU» халықаралық жобасының институционалдық координаторы болып жұмыс істеді (бюджеті 814 000 евродан астам). Консорциум құрамына Франция, Испания, Грекия, Венгрия, Ресей және Қазақстан университеттері кіреді. Барселонаның Менеджмент бойынша жоғары мектебінде (Испания), Эксетер университетінде (Ұлыбритания), Афина экономика және бизнес университетінде (Грекия) және Ниццаның София-Антиполис университетінде (Франция), Инхолланд университетінде (Нидерланды), Жешув технологиялық университеті (Польша), DTI университеті (Словакия), RMIT университеті (Австралия) тағылымдамадан өтті. Сингапур, Ресей, Корея, Норвегиядағы халықаралық конференцияларға қатысқан. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдығына орай университеттің дамуына қосқан үлесі үшін медальмен марапатталған. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы – 2019» конкурсының жеңімпазы. «Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия» иегері (БжҒМ ҒК 25.12.2020 ж. №542 бұйрығы). 2019 жылдың ақпан айынан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ жанындағы экономикалық мамандықтар тобы бойынша Диссертациялық кеңестің мүшесі, ғылыми хатшысы болған. ҚР БжҒМ БжҒСҚК ұсынатын тізімге кіретін «ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы» журналында редакциялық алқаның мүшесі."Farabi Journal of Social Sciences" ғылыми редакторы. ҚР БжҒМ ҒК қаржыландыратын «Қазақстанда циркулярлы экономиканы дамыту: әлеуеті, үдерістері, келешегі» гранттық жобасының ғылыми жетекшісі (2021-2023 жж., 50,9 млн теңге). "ЖОО үздік оқытушысы - 2022" атағының иегері. Қазақ, орыс жəне ағылшын (IELTS – 8.0) тілдерін жетік меңгерген. Ғылыми зерттеулері инновациялық менеджменттің өзекті мәселелерімен байланысты, сондай-ақ жасыл экономиканы дамыту, тұрақты даму мәселелері, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару тақырыптарын да қамтиды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
2012

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
19.03.2018

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
01.01.2001
Қызығушылығы

1

Жидебекқызы Ақнұр

Аширбекова Л.Ж., Сансызбаева Х.Н. Қазақстандағы жасыл экономикаға көшуді бағалау: бақылаудың синтетикалық тәсілі 2020 - г. 18 - стр. 1
2

Жидебекқызы Ақнұр

Аширбекова Л.Ж., Сансызбаева Х.Н., Темербулатова Ж.С. Қазақстанның жасыл экономикаға көшуін бағалау: бақылаудың синтетикалық тәсілі 2020 - г. 18 - стр. 1
3

Жидебекқызы Ақнұр

Бимендиева Л.А. ҚАЗАҚСТАНДА ТОҚЫМА КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР 2020 - г. 8 - стр. 12
4

Жидебекқызы Ақнұр

THE IMPROVEMENT OF THE WASTE MANAGEMENT SYSTEM IN KAZAKHSTAN: IMPACT EVALUATION 2022 - г. 17 - стр. 2
5

Жидебекқызы Ақнұр

ASSESSMENT OF FACTORS INFLUENCING PRO-CIRCULAR BEHAVIOR OF A POPULATION 2022 - г. 14 - стр. 3
6

Жидебекқызы Ақнұр

Evaluation of Research Performance at Universities: A Comprehensive Methodological Approach 2023 - г. 20 - стр. 6
7

Жидебекқызы Ақнұр

Pro-Environmental Behavior and Household Waste Sorting in Kazakhstan: an Empirical Analysis 2023 - г. 13 - стр. 1
8

Жидебекқызы Ақнұр

TOWARDS A CIRCULAR ECONOMY: AN ANALYSIS OF KAZAKHSTANI CASE 2023 - г. 17 - стр. 1
9

Жидебекқызы Ақнұр

Mapping Circular Economy Phenomenon in Emerging Markets 2022 - г. 23 - стр. 2
Автордың құжаттары

17

Цитирования
132 по 128

құжаттар

h-индексі

5