ҚазҰУ ақпараттық порталы
Басты бет/ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті/ шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру кафедрасы/ Нуршаихова Жанар Азильхановна


Нуршаихова Жанар Азильхановна
Студенттер көзімен сауалнамалауынан жинаған баллы - 0.00 / 5.0
- ОПҚ рейтингінің нәтижесі

Жұмыс орны:
Факультет: жоғары оқу орнына дейінгі білім беру

Кафедра: шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру
Лауазымы: профессор

Өмірбаян

АВТОБИОГРАФИЯ Нұршайықова Жанар Әзілханқызы Мен, Нұршайықова Жанар Әзілханқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында 1986 жылдан бастап жұмыс істеймін (алдымен ассистент, бір жылдан кейін – аға оқытушы, 1990 жылы кандидаттық диссертациямды қорғағаннан кейін – доцент, 2003 жылы «Алгоритмдік синтаксис теориясы» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғағаннан кейін – профессор). 2004 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың қыркүйек айына дейін кафедра меңгерушісі болып істедім. Осы кезеңде кафедра инновациялық және интерактивті оқыту әдістерін енгізіп, орыс және қазақ тілдерін шет тілдері ретінде оқытудың жеке бағдарламаларын жарыққа шығарып, жаңа буын оқулықтарына көшіп, тілді аспектілеу әдісімен оқыту бағдарламаларын жаңғыртты. Кафедра негізінде ана тілден өзге тілдерді меңгеру мәселелерін зерттеу бойынша ғылыми-әдістемелік жеке бағыт пайда болы. Осы бағыттың қажеттілігін растайтын бірнеше ұжымдық монография жарияланды. Кафедра ғалымдары әзірлеген әдістемелер оқу үдерісіне тың технология, жақсартылған оқу бағдарламалары мен құралдары түрінде енгізілді. Мен кафедра оқытушылары өткізетін диссертациялық зерттеулердің ғылыми жетекшісі болып көп еңбек атқардым. Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті филология факультетінің докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі Д 14a 01.22 Диссертациялық кеңесінің мүшесі болып 7 жыл қызмет еттім. КазПРЯЛ мүшесі, КазПРЯЛ ревизиялық комиссияның мүшесі, ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің мүшесі, ЖОО дейінгі білім беру факультетінің Ғылыми кеңесінің мүшесі болып табыламын. Жалпы білім беру пәндері бойынша мектеп оқушылары арасындағы қалалық олимпиадалардың (2006ж., 2007ж., 2008ж.) қазылар алқасының мүшесі болғанмын. 2012 жылы кафедра лекторлық шеберлігі мен білім беру саласындағы жетістіктері үшін «Ресейдің Алтын кафедрасы» атағын алды. Мен туралы ақпарат ҚазҰУ-дың жылнамасына (1991-2004 жж. T.3. - Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 343б.) енгізілген. 2008-2009 жж. ҚазҰУдың үздік оқытушысы атағын алдым. ҚазҰУ-дың күміс медалі иегерімін. Менің 230-дан астам ғылыми және ғылыми- әдістемелік еңбектерім, соның ішінде, 11 монография, 19 оқу құралы, 5 оқу бағдарламасы жарыққа шыққан. Мен кафедраның ғылыми және әдістемелік потенциалын көрсететін 30 ұжымдық жинақтың бас редакторы және құрастырушысы болып табыламын. Бір қызым, екі немере қызым бар.

Білімі
Марапаттары
Қызығушылығы