Базилова Айгуль Абайқызы, 15 маусымда 1980 жылы Алматы қаласы, Медеу ауданында дүниеге келді. Ұлтым қазақ. 1987 жылы Алматы қаласының, Сүйінбай Оронұлы атындағы қазақ орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1997 жылы аталған мектепті тәмамдады. 1997 жылы Алматы қаласының «Ақниет» заң колледжіне түсіп, 1999 жылы үздік бітіріп шықты. 2001 жылы «Туран» университетіне түсіп, 2004 жылы осы аталған университетінің юриспруденция мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шықты. 2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Заң факультетінің 6М030100 - «Заңтану» мамандығының бейіндік бағыттағы магистратурасына, күндізгі оқу бөліміне мемлекеттік грантпен қыбалдандып. 2012 жылы «Қылмыстық құқықтағы қажетті қорғану институты» тақырыбындағы магистрлік диссертациясын қорғап, «Құқық магистрі» академиялық дәрежесін алды. GPA 3,94. Сол уақытта ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысуға құқық беретін 6М030100 - «Заңтану» мамандығы бойынша педагогикалық бейіні пәндерінің циклын меңгеріп, ол жөнінде куәлік алды. 2007 жылдың қыркүйек айыннан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасыда маман қызметін атқарып келді. 2012 жылдың қыркүйек айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасына ассисент қызметіне қабылданып, 2016 жылы аға оқытушы лауазымына ауысып осы уақытқа дейін сол жерде қызмет атқарады.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
"Тұран" университеті |
Жоғары |
2007 |
4
құжаттар
3