Абдуллаева Әсел Сәбитқызы 2012 жылы Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ-де «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша біліп алып, 2016 жылы үздік аяқтады. 2017-2019 жж.аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Гидрология» мамандығы бойынша магистратурада оқып, жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие болды. Магистратураны тәмамдаған соң, метеорология және гидрология кафедрасының маманы болып 1 жыл жұмыс істеді. 2020 жылы гидрология мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың докторантурасына түсіп, 2023 жылдың маусымында докторантураны аяқтап, 1 қыркүйектен бастап метеорология және гидрология кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеуде. «Тау гидрологиясы», «Гидрологиядағы ГАЖ», «Гидрологиялық ақпараттарды өңдеудің статистикалық әдістері» сияқты пәндерден сабақ береді. Қәзіргі таңда 7 ғылыми еңбектердің, соның ішінде Scopus мәліметтер базасына енетін 2 мақаланың авторы.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Қ.И.Сәтбаев ҚазҰТУ
Жоғары
2016
Қызығушылығы