Атаханова Гүлзағира Махатқызы 1973 ж. туылған, 1995 жылы әЛ-Фараби атындағы ҚазМУ- тің заң факультетін бітіріп, 2005-2007 ж.ж әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –нің заң факультетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасында аға оқытушы болып, 2007 жылдан бастап осы кафедраға доцент лауазымына конкурс арқылы қабылданып, қазіргі уақытта 2009 жылдан бастап, осы кафедрада профессордың м.а. болып қызмет атқарады. 2004 жылы “Бөтеннің мүлкін иеленгендігі немесе ысырап еткендігі үшін қылмыстық жауаптылық” тақырыбында ҚазҰУ-нің докторлық диссертациялық кеңесінде заң ғылымдары кандидаттығы дәрежесін 12.00.08.-қылмыстық құқық, криминология және қылмыстық- атқарушылық мамандығы бойынша қорғаған, 2009 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің БжҒ саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 19 сәуірдегі №4 шешімімен доцент (асс.профессор) атағын алған. 2014-2019 жж. оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бағыты бойынша ҚР аумағында және алыс шет ел баспаларында оқу процессінде жаңа инновациялық интерактивтік әдістерді қолдануды жетілдіруге байланысты 30 оқу әдістемелік мақаласы, 10 оқу құралы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дәріптеу барысында 15 имиджілік мақаласы, студенттер мен магистранттарға ғылыми жетекшілік етіп, ал алыс шет ел баспа материалдар жинақтарында 20 мақаласы, Scopuc -3 және ҚР ЖҚЖ- журналында 15 ғылыми мақаласы және 8 монографиясы жарық көрген. Тәрбие, әлеуметтік және ұйымдастыру бағыты барысында 2016-2019 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бекітілген жобалар (Гринкампус, 100-кітап, Айналаңды нұрландыр, Салауатты өмір салты) аясында кураторлық-эдвайзерлік жұмысты ұйымдастыру барысында шаралар артығымен орындалған, яғни 100% құрайды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1995

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
19.04.2005

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
04.05.2011
профессор
29.01.2021
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

8

Цитирования
45 по 40

құжаттар

h-индексі

4