Досжанов Оспан Мәткәрімұлы, 10 мамыр 1956 жылы Қызылорда облысында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. 1973 жылы Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтің (қазіргі: М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті) «Инженер-механик» мамандығы бойынша күндізгі бөлімге түсіп, 1978 жылы бітірдім. 1983-1987 жылдары Минск қаласындағы КСРО-ның қара-қоңыр топырақты жерлерін ауыл шаруашылық электрификациялау және механизациялау Орталық ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі: Ауыл шаруашылық механизациялау Белорус ғылыми-зерттеу институты) «Айдалмалы жерлерді түбегейлі өзгерту» зертханасында аспирантураның күндізгі бөлімін бітіріп, техника ғылымдарының кандидаты атағын иелендім. Кандидаттық диссертациямның тақырыбы: «Интенсификация процесса глубокого рыхления почвы рабочим органом рыхлителя-кротователя». Ғылыми-зерттеу жұмыстарында тәжірибе жинақтадым. Ғылыми жұмыстарды орындау барысында 15 ғылыми мақала, 8 баяндамалар тезисі мен 2 халықаралық патентім жарық көрді. Ғылыми-педагогикалық жолымды кафедра ассистентінен бастап, оқытушы, аға оқытушы, зертхана меңгеруші және директор орынбасары қызметтерін атқардым. Ғалымдар арасында өтетін Халықаралық және Республикалық оқу-әдістемелік пен ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, бірнеше рет баяндамалар жасадым. Студенттер мен магистранттардың ғылыми жетекшісі ретінде көптеген ғылыми жұмыстарды жүргізіп, «Гидродинамика негіздері», «Сызу және сызба геометриясы», «Теориялық және қолданбалы механика» атты оқу пәндерінен дәріс оқимын. Факультеттің спорттық өміріне белсене қатысамын. Шахматпен, ғылыми-танымдық әдебиетпен және сурет сызбасымен шұғылданамын.
Образовательное учреждение |
Квалификация |
Дата окончания |
---|---|---|
Наименование ученой степени |
Область науки |
Дата выдачи диплома |
---|---|---|
Кандидат |
Технические науки |
20.11.1990 |
Умбеткалиев К.А., Тулепов М.И.
ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛAРДAҒЫ ЭЛЕКТРОТЕХНИКA
Қазақ университеті 2017 - г. ISBN 978-601-04-2298 175 - стр. КАЗАХСТАН
Досжанов Е.О., Тілеуберді Е..
Бақылау және өлшеу әдістері мен құралдары
" Қазақ университеті " 2020 - г. ISBN 978-601-04-4428-7 117 - стр. КАЗАХСТАН
0
документам
0