Мен, Бүгiбаева Ақбота Бердәлiевна, 1988 жылдың 20 маусымында Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келдiм. 1995 жылы №12 орта мектепке барып, 2004 жылы үздiк аттестатпен бiтiрдiм. Сол жылы Қарағанды мемлекеттік медицина колледжiне «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқуға түсiп, 2008 жылы қызыл дипломмен аяқтадым. 2008 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық университетiне «Жалпы медицина» мамандығына оқуға қабылданып, 2015 жылы үздiк дипломмен тәмамдадым. Кәсiби қызметiмдi №2 iшкi аурулар кафедрасының ассистентi болып бастадым. 4, 5, 6 курс студенттерiне терапия мамандығы бойынша дәрiс оқыдым. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына және эксперименттiк қызметке белсене қатыстым: «Экологиялық тәуекелдер және халық денсаулығы» ғылыми-техникалық жобасының мүшесi болдым, әртүрлi деңгейдегi ғылыми- практикалық конференцияларға және әлеуметтiк маңызы бар жобаларға қатыстым. «SCOPUS» және «РИНЦ» ғылыми базаларында жарияланымдары бар. Педагогикалық қызметiммен қатар, Қарағанды қалалық ауруханасының терапевт бөлiмшесiнде емдеу-диагностикалық қызметпен айналыстым. «Гиппократ» клиникасында кезекшi терапевт болып жұмыс iстедiм. 2018 жылы «Медицина» мамандығы бойынша магистратураға түсiп, 2020 жылы медициналық ғылымдар магистрi дәрежесiн алдым (НАО МУК, Қазақстан). 2020 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң Медицина және денсаулық сақтау факультетi, Iшкi медицина кафедрасының аға оқытушысы қызметiн атқарып келемiн. TBL-сабақтарын, силлабустарды, кейстердi, чек-листердi және емтихан материалдарын әзiрлеуге белсене қатысамын. Жүрек-қан тамырлары жүйесiнiң патологиясы, қан түзу жүйесiнiң патологиясы және iшкi медицина бойынша 20-дан астам TBL әзiрледiм. 4 курс студенттерiне «Iшкi аурулар» пәнiнiң жетекшiсi, 3 курс студенттерiне «Қан түзу жүйесiнiң патологиясы және трансфузиология» пәнiнiң жетекшiсi болып табыламын. 2023 жылдан бастап «Жүрек-қан тамырлары қартаюының ерте белгiлерiн анықтау және алдын алу үшiн маркерлер мен диагностикалық алгоритмдердi әзiрлеу» ғылыми жобасының мүшесiмiн. Scopus дерекқорында 3 мақала және ККСОН тiзiмiне енгiзiлген журналдарда 3 мақала жарияланды. 2024 жылдан бастап оқу сапасы жөнiндегi АК мүшесiмiн. Сондай-ақ кафедраның ВКК жауаптысы болып табыламын. 2025 жылдан бастап Алматы қалалық көпбейiндi ауруханасында терапевт-консультант болып, кафедра ассистентi ретiнде жұмыс iстей бастадым. Тұрмыстамын, екі қызым бар, 2019, 2023 жылы туған. Қазіргі уақытта Алматы қаласында тұрамын


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

мемл.унив.
Жоғары
2015

мемл.унив.

Бакалавриат

2013

Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0