Басты бет / Шығыстану / Қиыр Шығыс / Боранкулова Самал Кенесовна

Боранкулова Самал Кенесовна

Лауазымы: аға оқытушы
Қиыр шығыс кафедрасы
Жасырылған
       Боранқұлова Самал Кенесқызы 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетін «Шығыстану (жапон филологиясы)» мамандығы бойынша тәмамдады. Оқу орнын бітіргеннен кейін Қиыр Шығыс елдері кафедрасына жұмысқа қабылданып, қазіргі уақытта Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып келеді. 2009 және 2016 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру институтында толық курстан өтті. 2011 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистратурасын «Аударма ісі» мамандығы бойынша тәмамдады. 2000 жылдың қыркүйек айынан 2001 жылдың маусым айына дейін Жапон тілі халықаралық орталығы (Жапония, Токио) базасында жапон тілін оқыту әдістемесін жетілдіру бағытында тағылымдамадан өтті. 2004 жылдың наурыз айында Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығы жанындағы жапон тілі оқытушыларына арналған бір жылдық курсты аяқтады. 2008 жылы Жапонияда жапон тілі оқытушыларына арналған тағылымдамадан өтті. 2016 жылы Жапонияның Урава қаласында «Sakura Network Training Program for Teachers of the Japanese Language (Pre-Advanced)» бағдарламасы бойынша (196 сағат) біліктілігін арттырды. Оқу үдерісінде заманауи әрі инновациялық әдістерді қолдана отырып, оқыту әдістемесін үнемі жетілдіріп келеді. «Минна но нихонго» жапон тілі оқулығын әзірлеуге қатысқан. Сонымен қатар «Жапон тілі пәнінің теориялық курсының типтік бағдарламасы» және «Жапон тілі пәнінің практикалық курсының типтік бағдарламасын» дайындауға атсалысты. Қиыр Шығыс кафедрасы бойынша «Жапон тілі» МООК курсын әзірлеуге де қатысқан. Университет көлеміндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысады, халықаралық жарияланымдары бар. 2000 жылдың қазан айында және 2015 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Мәскеу, Ресей) базасында өткен «Жапон тілі: жоғары оқу орнында жапон тілін оқытудың өзекті мәселелері» атты халықаралық конференцияға қатысты. 2010 жылы Цукуба университеті (Жапония) ұйымдастырған Орталық Азия елдерімен білім беру, шетелдік студенттерді қабылдау және ғылыми зерттеулерді ілгерілету мәселелеріне арналған халықаралық симпозиумға қатысты. Ғылыми-педагогикалық қызметімен қатар факультеттің қоғамдық өміріне де белсенді араласады. 1997 жылдан бастап Қазақстан жапон тілі оқытушылары қауымдастығының мүшесі. 1999–2000 жж., 2007–2008 жж., 2008–2010 жж., 2014–2026 жж. аралығында қауымдастық төрайымы қызметін атқарады.

1

Боранкулова Самал Кенесовна Бекебасова А.Н., Шадаева М.Т. Банк қызметкерлеріне және банк қызметтерін тұтынушыларға арналған қазақша-жапонша, жапонша-қазақша тілдескіш Керемет медиа 2015 - г. ISBN 978-601-7174-72-9 288 - стр. ҚАЗАҚСТАН

2

Боранкулова Самал Кенесовна Көпшілікке арналған жапон тілі みんなの日本語1 " Қазақ университеті " 2013 - г. ISBN 978-601-04-0070-2 212 - стр. ҚАЗАҚСТАН

3

Боранкулова Самал Кенесовна Көпшілікке арналған жапон тілі. Аударма және грамматикалық түсіндірме. 2-бөлім. " Қазақ университеті " 2013 - г. ISBN 978-601-04-0070-2 211 - стр. ҚАЗАҚСТАН

1

Боранкулова Самал Кенесовна жапон және қазақ тіліндегі үстеулердің сөздікте берілуі 2013 - г. 13 - стр. 0

2

Боранкулова Самал КенесовнаШадаева М.Т. カザフ語母語話者による日本語依頼表現の誤用の可能性: カザフ語のедіから想定できる誤用に着目して 2015 - г. 4 - стр. 0

3

Боранкулова Самал Кенесовна カザフ語と日本語の依頼表現の対象分析:カザフ語の補助動詞による格下げの例をもとに 2016 - г. 6 - стр. 0
Scopus
Автордың құжаттары
Дәйексөздер
H-index
0
0
0