Басты бет / Шығыстану / Қытайтану / Мұстафа Серик

Мұстафа Серик

Лауазымы: аға оқытушы
қытайтану кафедрасы
Жасырылған
       Серік Мұстафаұлы, ҚХР Санжы облысы Шонжы ауданының Теректі ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Шыңжаң Университеті қытай филологиясы факультетінің қытай тілі мамандығын үздік нәтижемен тамамдаған,1986-2016 жылдарда Санжы Университетінің қытай филологиясы факультетінде оқытушылық қызмет атқарған. 1988-1990 жылдары Шыңжаң Педагогикалық Университетінде магистратурада оқыған. 1997-2003 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне аспирантураға оқуға түсіп, 2003 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алған. Сонымен қатар ҚХР Санжы Университеті ғылыми журналы (қытай тілінде) редакция алқасының мүшесі, Санжы Университеті кәсіптік жоғары атақ бағалау ғылыми кеңесінің мүшесі, ҚХР ШУАР жоғары оқу орындары оқытушыларының кәсіптік жоғары атақ бағалау комитетінің мүшесі, ҚХР да түрлі ғылыми қоғамының мүшесі болған. Серік Мұстафаұлы осы жылдар аралығында бір мемлекеттік, бір өлке деңгейіндегі ғылыми зерттеу бағдарламасына қатысқан. Серік Мұстафаұлы 1992 жылы Санжы Университетінде лектор кәсіптік атағын, 1999 жылы доцент атағын қорғаған. 2007 жылы профессор атағына ие болған. 1995-2003 жылдары Санжы Университеті әдебиет факультеті деканының орынбасары, 2005-2012 жылдары Санжы Университеті қытай тілі факультетінің деканы, 2016 жылға дейін ғылыми зерттеу басқарма бастығының орынбасары, Санжы Университеті жалғасты оқыту институты директорының орынбасары болып қызмет атқарған. 2016-2019 жылдар аралығында Тараз Иновациялық Гуманитарлық Университеті көптілділікті дамыту секторының бастығы міндетін атқарған. Оқу үрдісі бойынша 9 магистрдің диссертация жұмыстарына жетекшілік жасап, талапқа сай сәтті қорғатты. 2019 - 2020 жылға дейін Алматы Университетінде доцент болып қызмет атқарған. 01.09.2020 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ Ұллтық Университетінде аға оқытушы қызметін атқаруда, әрі бакалавр, магистр, докторант топтың теориялық сабағын жүргізуде. Серік Мұстафаұлының КазҰУ дың «Қазақ Университеті» баспасында бір ғылыми монографиясы жарық көрді. Елуден астам ғылыми мақаласы жарияланды. Серік Мұстафаұлы өзінің қажырлы еңбегінің арқасында ел құрметіне бөленіп, аты Қазақстанда шыққан «Ұстаз һәм шәкіріт», Қытайда шыққан «Қытайдағы қазақ мамандар», «Қытайдағы қазақ ғылым докторлары» атты кітаптарға енгізілді. Еңбектері еленіп, Қытай мемлекетінің неше мәрте сыйлықтарын да алған.
Файл атауы Тақырыбы Сипаттамасы
Көркем аударма практикасы

1

Мұстафа Серик Тілдік тоғысуларға тарихи лингвистикалық талдау 2020 - г. 5 - стр. 0

2

Мұстафа Серик Арзыкулов А.А. Қытай тіліндегі әскери атау терминдер және қытай мен қазақтың тарихи байланыстары 2022 - г. 11 - стр. 52

1

Мұстафа Серик Арзыкулов А.А. Шетелдік студенттердің тілді оқыту кезінде өз бетінше тіл үйренуі үшін тілдік қабілеттерін арттырудың тиімді жолдары туралы қысқаша пікірталас. 2024 - г. 8 - стр. Прага
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0