Басты бет / Филология / Түркология және тіл теориясы / Акимишева Жанар Абдисадыккызы
Акимишева Жанар Абдисадыккызы
Лауазымы: доцент м.а.
Акимишева Жанар Абдисадыккызы - 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында
дүниеге келген. Филология ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан Республикасы Ғалым Әйелдер
қоғамының» мүшесі; «Түркістан облыстық ғалым-филологтары ғылыми бірлестігінің» мүшесі; 1990
және 1992 ж.ж. республикалық пән олимпиадаларының I дәрежелі диплом иегері; 1992 жылғы
М.Дулатов ат. республикалық әдеби байқаудың лауреаты.
Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық университеті филология факультетін тәмамдап, 1998 жылы
аталған оқу орнында «тіл білімі теориясы» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алып
шыққан. 1999-2001 ж.ж. «салыстырмалы-тарихи, салғастырмалы және типологиялық тіл білімі»
мамандығы бойынша аспирантура бөлімінде білім алған. Белгілі ғалым филол.ғыл.док., профессор
Р.Ә.Авакованың ғылыми жетекшілігімен 2004 жылы «Ою-өрнек атауларының уәждемесі және таңбалық
табиғаты (лингвомәдени аспект)» тақырыбында 10.02.19-тіл теориясы мамандығы бойынша
кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. 2017-2019 ж.ж. аралығында М.Әуезов ат. ОҚМУ
«Екінші жоғарғы білім және қашықтықтан оқыту» факультетінде «Шет тілі - екі шет тілі»
(ағылшын, француз) мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.
Еңбек жолы 2000-2004 ж.ж. Т.Жүргенов ат. Қазақ Ұлттық Өнер академиясында мифология, әлем
әдебиетінің тарихы, тіл мәдениеті, риторика пәндерінен дәріс оқудан басталып, Академия
Ғылыми Кеңесінің Ғалым хатшысы қызметін атқаруға ұласты. 2002-2006 ж.ж. Абылай хан ат.
Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ғылыми-зерттеу орталығында жетекші
ғылыми қызметкер және Диссертациялық кеңестің Ғалым хатшысы қызметін атқарды. Аталған
университетте халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларды ұйымдастыру бөлімінде
жауапты хатшы жұмысын атқарды. «Отан»(Нұротан) саяси партиясы ақпарат бөлімінде жетекші
синхронист-аудармашы біліктілігімен қызмет көрсетті. 2006-2008 ж.ж. әл-Фараби ат. ҚазҰУ
«Халықаралық қатынастар факультетінде» шетелдіктерге орыс және қазақ тілдерін меңгерту
біліктілігі бойынша іс-тәжірибеден өтіп, дәріс оқыды. Сондай-ақ, аталған жылдар ішінде
Алматы қаласындағы Қайнар университетінде, Менеджмент және коммуникация институтында,
Лингвистикалық колледжде «аударма ісі» пәнінен, Азаматтық авиация академиясы қызметкерлеріне
«іс-қағаздарын жүргізуден» сабақ берді. 2008-2014 ж.ж. Қ.А.Яссауи ат.ХҚТУ шет тілі және
филология факультетінде теориялық курстарды жүргізді. 2018-2020 ж.ж. Шымкент қаласы Аймақтық
әлеуметтік инновациялық университеті магистратура бөлімінде «Қазіргі қаза
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме | Квалификация | Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ | Жоғары | 1996 |
Академикалық дәреже
Ғылыми дәрежесі
1
Акимишева Жанар Абдисадыккызы
СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ДИСКУРСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНДЕРІ АТАУЛАРЫНЫҢ ЛИНГВАПРАГМАТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ
2023 - г.
4 - стр.
Стамбул