Басты бет / Филология / Түркология және тіл теориясы / Акимишева Жанар Абдисадыккызы

Акимишева Жанар Абдисадыккызы

Лауазымы: доцент м.а.
Түркология және тіл теориясы
Жасырылған
       Акимишева Жанар Әбдісадыққызы - филология ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан ғалым әйелдер қоғамының», «Түркістан ғалым-филологтары» ғылыми бірлестігінің мүшесі. Әл-Фараби ат.ҚазҰУ филология факультетін тәмамдап, 1998 ж. аталған оқу орнында «тіл білімі теориясы» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алып шыққан. 1999-2001ж.ж. «салыстырмалы-тарихи, салғастырмалы және типологиялық тіл білімі» мамандығы бойынша аспирантура бөлімінде білім алды. 2004 ж. «Ою-өрнек атауларының уәждемесі және таңбалық табиғаты (лингвомәдени аспект)» тақырыбында 10.02.19 - тіл теориясы мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2017-2019 ж.ж М.Әуезов ат. ОҚМУ «Екінші жоғарғы білім және қашықтықтан оқыту» факультетінде «екі шет тілі» мамандығын алып шықты. Еңбек жолы 1998-2004 ж.ж. Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА-да әлем әдебиетінің тарихы, тіл мәдениеті пәндерінен дәріс оқып, Академия кеңесінің ғалым хатшысы қызметін атқарды. 2003- 2006 ж.ж. Абылай хан ат.ҚазХҚжӘТУ Ғылыми-зерттеу орталығында жетекші ғылыми қызметкер және Диссертациялық Кеңестің техникалық хатшысы қызметін атқарды. «Отан»(Нұротан) саяси партиясы ақпарат бөлімінде жетекші синхронист-аудармашы біліктілігімен қызмет көрсетті. 2006-2008 ж.ж. Әл-Фараби ат.ҚазҰУ «Халықаралық қатынастар факультетінде» шетелдіктерге орыс және қазақ тілдерін меңгерту біліктілігі бойынша іс-тәжірибеден өтіп, дәріс оқыды. Сондай-ақ, аталған жылдар ішінде «Қайнар» университетінде, Менеджмент және коммуникация институтында, Лингвистикалық колледжде теориялық пәндерден сабақ берді, Азаматтық авиация академиясы қызметкерлеріне «іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді» үйретті. 2008-2014 ж.ж. Қ.А.Яссауи ат.ХҚТУ «шет тілі және филология» факультетінде «Түркітану» курсын жүргізді. Шымкент қаласы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті мен Шымкент Университетінде магистратура бөлімінде дәріс оқыды. Тіл және мәдениет, тіл және өркениет бағытындағы лингвомәдени зерттеулермен кешенді түрде айналысу нәтижесінде ғылыми басылымдарға 50-жуық мақала жариялап, аудармашыларға арналған 8 типтік оқу бағдарламасы мемлекеттік стандартының авторы болды. Профессор Р.Авакованың жетекшілігімен жүргізілген мемлекеттік 2 ірі ғылыми жобаға - «Түркі әлемінің тілдік бейнесі», «Контактология: түркі мәдениетінің әлемдік өркениетке ықпалы» - аға ғылыми қызметкер ретінде қатысты. АҚШ, Висконсин штаты (Мадисон), Түркия (Стамбул), Греция (Солоники), Ресей (Москва), Өзбекстан (Ташкент) және т.б.халықаралық ғылыми форумдар мен симпозиумдарда

1

Акимишева Жанар Абдисадыккызы СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ДИСКУРСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНДЕРІ АТАУЛАРЫНЫҢ ЛИНГВАПРАГМАТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ 2023 - г. 4 - стр. Стамбул
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0