Басты бет / География және табиғатты пайдалану / География, жерге орналастыру және кадастр / Турсбеков Серик Вахитович

Турсбеков Серик Вахитович

Лауазымы: профессор м.а.
география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
Scopus author ID: 57202209033
       1974 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институтының, тау-кен факультетінің «Маркшейдерлік іс» мамандығына түсті. 1975 жылдан бастап В. И. Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институтының «Отпен бұрғылау» салалық зертханасының зертханашысы болып қызмет атқарды. 1981 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институтын аяқтап, тау-кен инженер- маркшейдері дипломын алды. 1982 жылдан 1983 жыл аралығында «Маркшейдерлік іс» кафедрасының инженері; 1983 жылдан 1985 жыл аралығында «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының ассистенті болып жұмыс атқарды. 1985 жылдың 30 қарашасынан 1988 жылдың 30 қарашасы аралығында «Маркшейдерлік іс» кафедрасының күндізгі оқу түрінің аспиранты болды. Ғылыми жетекшісі: техника ғылымдарының еңбегі сіңген қайраткері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор- Машанов Ақжан Жақсыбекович. 1988 жылы Санкт-Петербург қаласындағы тау-кен ісі бойынша VII әлемдік конгрессінің қатысушысы. 1989-2000 жж. «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының оқытушысы, аға-оқытушысы, доцент. 2000-2013 жж. О. А. Байқоныров атындағы тау-кен металлургиялық институтының оқу-тәрбие және ғылыми істер бойынша директорының орынбасары. 2011 жылы «Ресей Федерациясының экология және тіршілік іс-әрекеттерінің қауіпсіздігі халықаралық академиясының» академигі болып таңдалды. 2015 жылы «Күрделі тау-кен-геологиялық жағдайдағы карьер беткейінің тұрақтылығын геомеханикалық қамтамасыз ету» тақырыбында техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу мақсатында диссертациясын қорғап шықты. Ғылыми кеңес-берушісі: Қырғызстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қырғыз-Орыс Славян университетінің ректоры- Нифадьеф Владимир Иванович. 2016 жылы «Қазақстан Республикасының тау-кен ғылымдарының ғылыми академиясының» академигі болып таңдалды. Қауымдастырылған профессор, Турысбеков С. В. белсенді ғылыми және оқыту қызметін атқаруда. Ол 100 аса ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы. Сонымен қатар оның еңбектерінің қатарына кіреді: 2 оқу құралы және 9 монография. Ол монографиялардың ішінде: 2 монография мемлекеттік тілде, 2 монография тау-кен, геодезия, жерге орналастыру және кадастр мамандықтарының студенттері үшін жеке-дара жазылған. Импакт-факторы бар 1 мақаласы бар (Scopus). scholar.google.ru бойынша дәйек-сөз алу индексі- h-index=7; i10-index=1 (2014 жылдан). «Қазақстан Республикасының тау-кен өндіру және өңдеу салаларының технологиясы мен өндірісін жетілдіру» 2018/BR05235618 бағдарлама
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0

Subsidence control method by inversely-inclined slicing and upward mining for ultra-thick steep seams

Dai, H., Li, P., Marzhan, N., Yan, Y., Yuan, C., Serik, T., Guo, J., Zhakypbek, Y., Seituly, K.

2022

International Journal of Mining Science and Technology
32, с. 103-112

7

Цитирований