Басты бет / География және табиғатты пайдалану / География, жерге орналастыру және кадастр / Асен Нұрдана Қабылқызы

Асен Нұрдана Қабылқызы

Лауазымы: оқытушы
География, жерге орналастыру және кадастр
nurdana.assenova@gmail.com
       Асен Нұрдана Қабылқызы 1994 жылы 09 маусым күні Жамбыл облысы, Шу ауданы, Балуан Шолақ ауылында дүниеге келдім. 2011 жылы Балуан Шолақ ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы орта білім беретін мектебін аяқтадым. 2011 жылы Құлан ауылшаруашылық колледжінің «Есеп және аудит» мамандығының 1 курсына қабылданып, 2014 жылы «Есеп және аудит» мамандығын тәмамдап, есепші-бухгалтер мамандығын алып шықтым. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «5В060900-География» мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантын иеленіп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География факультетінің 1 курсына қабылданып, 2019 жылы «Жаратылыстану ғылымдарының бакалавры» дәрежесін алдым. Бакалавриат бөлімі бойынша, г.ғ.к., профессор м.а. Тоқбергенова А.А. жетекшілігімен «Қазақстан Республикасы көші-қон үрдісінің әлеуметтік аспектілері» тақырыбында дипломдық жұмысын қорғадым. 2019-2021 жылдар аралығында Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында маман қызметін атқардым. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, география және табиғатты пайдалану факультетінің магистратура оқу сатысының – «7М05205 – География (УрФУ)» мамандығының, дайындау бағыты: ғылыми- педагогикалық бағыты бойынша магистратура бөлімінің мемлекеттік білім грантын иеленді. 2019 жылы Қазақ ұлттық университетінің қос дипломдық бағдарламасы бойынша Екатеринбург қаласы, ОрФУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің «УГИМ-194304 – Дипломатия энергоресурсов» мамандығына қабылдандым. 2021 жылы Қазақ ұлттық университетінде магистрлік диссертацияны г.ғ.д., профессор Аскарова М.А. жетекшілігімен «Оценка экологического состояния Карагандинской области и ее влияние на здоровье населения» тақырыбында қорғадым. Сонымен қатар, Орал федералдық университетінде магистрлік диссертацияны г.ғ.к. доцент Ковалев Ю.Ю. жетекшілігімен «Стратегия реализации целей устойчивого развития ООН в Казахстане» тақырыбында қорғадым. 2019 жылы «Практики воспроизводства ценностей: гуманитарный, социальный и экономический аспекты : всероссийская научная конференция студентов-стипендиатов Оксфорд» халықаралық конференциясына қатысып, «Качество жизни населения города Алматы» тақырыбында баяндама жасап, сертификатпен марапатталдым. (Екатеринбург, Ресей). 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында қызмет етемін.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ Жоғары 2019
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0