1979 жылы Мәскеу геодезия, аэрофототүсіру және картография инженерлері институтының «Қолданбалы геодезия» мамандығы бойынша бітірген. Институтты бітіргеннен соң аспирантурада оқуын жалғастыруға ұсынылып Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтына ассистенттік жұмысқа жолдама берілген. 1985 жылы Мәскеу жерге орналастыру инженерлері институты «Геодезия» кафедрасының оқытушы-стажеры болып қабылданды. 1986 - 1989 жылдарда «Геодезия» кафедрасының аспиранты болды және осы кезеңде Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының «Құралжасау» бөлімінің эксперті болып қызмет атқарды. 1990 жылы 05.24.01 – Геодезия мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 1990 - 2000 жылдар аралығында Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтының «Жерге орналастыру» кафедрасының аға оқытушысы, доценті, секция меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1993 жылы осы институтта «Жерге орналастру» мамандығын және 1995 жылы бірінше рет Қазақстанда «Жер кадастр» мамандығын ашты.
2000 жылдан бері Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқу-ғылыми өндірістік кешен директорының орынбасары, факультет деканының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. «Геодезия» и «Картография» пәндерінің Республикалық пәндік эксперті, РОӘК мүшесі, «Жерге орналастыру» және «Кадастр» мамандықтарының бакалавр, магистратура, PhD және бейімдік докторантура бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын дайындаушы және авторлар жетекшісі, «Ізденістер, нәтижелер» ғылыми журналының редакция мүшесі, оқу сапасын қадағалау жүйесінің аудиторы, магистранттар мен PhD докторанттар диссертацияларының жетекшісі.
150-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектер жариялады, оның ішінде: 36 өнертабыс (патенттер, инновациялық патенттер және пайдалы модельдер), 90-нан астам ғылыми мақалалар, 6 оқулық және 2 оқу құралдарының авторы.
Зерттеу саласы: геодезиялық өлшеу жұмыстарының дәлдігін арттыру, ірі масштабтағы карталар дайындау кезіндегі далалық жұмыстарды автоматтандыру, геодезиялық өлшеулердің дәлдігіне атмосфераның тигізетін әсерін (рефракция) зерттеу, жер ресурстарын қашықтан бақылау және дешифрлеу. 2018 – 2020 жылдар аралығында ҚР БҒМ 102 «Гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша «Қашақтан бақылау материалдарын пайдаланып жер ресурстарын тиімді пайдалану тәсілдерін зерттеу және дайындау» атты ғылыми жобаның авторы және жауапты орындаушысы болды.