Басты бет / Шығыстану / Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы / Таирова Дильназ Нурлановна

Таирова Дильназ Нурлановна

Лауазымы: оқытушы
Таяу, Орта Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы
Жасырылған
       Таирова Дильназ Нурлановна 1981 жылы 23 желтоқсанда дүниеге келген. 1999 жылы Алматы облысы, Қызыл-Ту-4 ауылындағы Бердіқұлов атындағы No24 орта мектепті бітірді. 1999-2005 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шығыстану факультетінде аймақтану мамандығы бойынша оқыды. Осы мамандық бойынша ол ел сарапшы - халықаралық қатынастар маманы, аудармашы, Шығыс елдер тарихының оқытушысы біліктілігі бар үздік дипломға ие болды. 2003 - 2004 жылдары Дели университетінің өнер факультетінде шетелдіктерге арналған хинди тіліне мамандандырылған тілдік курстан өтті. 2005 жылдан 2009 жылға дейін Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде есепші болып жұмыс істеді. 2009 жылдан 2011 жылға дейін BJ Servıces мұнай сервистік компаниясында аудармашы болып жұмыс істеді. 2011 жылдан 2013 жылға дейін Nikon компаниясында аудармашы ретінде жұмыс істейді. 2016 - 2018 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің магистратурасында оқып, 6M020907-Үндістан: саясат, экономика, тіл және мәдениет бағдарламасы бойынша өнер магистрі дәрежесіне ие болды. 2018 жылы SOAS (School of Oriental and African Studies) Лондон Университетінде тілдер, мәдениеттер және лингвистика мектебінде ғылыми тағылымдамаға жіберілді. 2017 - 2018 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде оқытушы болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушысы, сонымен қатар Индология бөліміің меңгерушісі қызметін атқарады. 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін Үндістан Республикасының Алматыдағы елшілігінде хинди тілі мұғалімі болып жұмыс істеуде.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
Қазақ еңб.ж/е әлеум.қат.Академиясы 2 -ші жоғары 2008
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ Жоғары 2005
Академикалық дәреже
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0