Ғылыми-педагогикалық өтілі – 11 жыл. Ол 01.08.2024 – 30.05.2025 аралығында «500 ғалым» бағдарламасы бойынша RMIT university (QS рейтингінде 125 орын, 2026 ж.) (Аустралия, Мельбурн қ.) «Экономика» мамандығы,«Қалалық маркетинг» тақырыбы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. 2018 жылы Румынияның А.И. Кузы атындағы Яссы университетінде, 2017 жылы Түркияның Киркларели университетінде ERASMUS бағдарламасы бойынша шақыртылған профессор қызметінде болды. Қазақстанның экономикалық дамуының түрлі аспектілеріне арналған 2 монографияның, 3 зияткерлік меншік нысанына авторлық куәліктің және ұлттық әрі халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған 57-ден аса мақаланың бірлескен авторы. Зерттеу нәтижелері бойынша 10-нан астам енгізу актісін алған. Сонымен қатар «Халықаралық логистика» білім беру бағдарламасының (ББ) үйлестірушісі, «Халықаралық маркетинг» ББ (П.Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетімен қос диплом) әзірлеушісі. QS 2026 әлемдік рейтингісінде жетекші орын алатын шетелдік ЖОО-ларда 17 тағылымдамадан өткен: RMIT University, 125-орын, Австралия (2024–2025); Fudan University, 30-орын, Қытай (2024); University of Lisbon, 230-орын, Португалия (2024); University of Minho, 566-орын, Португалия (2024, 2019); Université de Lille, 654-орын, Франция (2023); Universitat Politècnica de Catalunya · BarcelonaTech (UPC), 393-орын, Испания (2023); University of Technology Sydney, 96-орын, Австралия (2023); Sabanci University, 404-орын, Түркия (2023); Hanyang University, 159-орын, Оңтүстік Корея (2023); РУДН, 367-орын, Ресей Федерациясы (2023, 2022, 2021); Universitat Politècnica de València, 422-орын, Испания (2022); Sapienza University of Rome, 128-орын, Италия (2022); Marmara University, 1001–1200-орын, Түркия (2021). Оның тәжірибесіне халықаралық және ұлттық жобаларға қатысу кіреді: Erasmus (2017 – 2018), Қазақстан мен Ресей компаниялары арасындағы өнеркәсіптік кооперацияларға арналған РФ Ғылым және жоғары білім министрлігінің халықаралық жобасы (2021), ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің ГҚ және БНҚ жобаларында жетекші ғылыми қызметкер (2018–2024). Ғылыми қызығушылықтары: қалалық даму, қалалық маркетинг, маркетинг, цифрлық бәсекеге қабілеттілік, цифрлық экономика, білім экономикасы және т.б.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Бакалавриат |
2012 |
10
құжаттар
3