Кудреева Лейла Қадірсызқызы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Аналитикалық химия» мамандығы бойынша магистратураны (1998) және аспирантураны (2001) аяқтаған. 1998 жылдан бері физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығында аға ғылыми қызметкер. 2006 жылы 02.00.05 – электрохимия мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2008 жылы Д.Қонаев атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. 2021 жылы «Химиялық технологиясы» бойынша қауымдастырылған профессор, 2022 жылы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын алды. Ренийдің электрохимиялық тотықсыздануы (2013– 2017) және сүт безі обырын диагностикалауға арналған электрохимиялық биосенсорлар (2024– 2026) жобаларының жетекшісі. Табиғи минералдар негізінде модификацияланған электродтар (2018– 2020) және «Технологиядағы коммерциялизация» халықаралық жобасының жауапты орындаушысы. 2 PhD, 24 магистрант және 58 бакалавр жұмысын қорғауға жетекшілік етті. 3 алдын-ала патенті, 78-ден астам ғылыми жарияланымы бар. 2010–2017 жж. кафедра меңгерушісінің орынбасары, 2017 жылдан бері факультеттің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Магистратура |
1998 |
Оңт.Қазақстан Мемл.Университеті |
Жоғары |
1996 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
30.05.2007 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
04.02.2021 |
9
құжаттар
3